Атырау, 27 қараша 19:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Трамп АҚШ пен Мексика арасын бөлетін дуалды салдыра бастады

1 907 просмотра

АҚШ президенті Дональд Трамп сайлау алдында берген уәделерінің бірін орындап, Мексикамен шекарада дуал салу туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен бірге, ол дуал салуға кететін қаржыны Мексика өтеп береді дегенінен әлі де тайған жоқ, - деп хабарлайды BBC News.

Трамптың сөзінше, Ішкі қауіпсіздік министрлігі құрылыс жұмыстарын бірден бастайды. Мұның алдында ол дуалдың АҚШ бюджетінен салынып, кейін құрылысқа кеткен қаражатты Мехико 100 пайыз қайтарады деген болатын. Дегенмен, құрылыс жұмыстарын конгресс мақұлдау керек.

"Менің істеп жатқаным - Құрама Штаттардың игілігі үшін", - деді ол. Трамп адам асып өте алмайтын дуал миллиардтаған доллар үнемдеуге және көп адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді деген ойда. Өйткені бұл трансшекаралық ұйымдасқан қылмысты тоқтатады. Оның үстіне бұл Мексика үшін де пайдалы екен.

Жақын арада Трамп АҚШ-қа босқындардың келуін, Сирия, Йемен, Ирак, Таяу Шығыс пен Африканың бірнеше елдері азаматтарына виза берудің уақытша доғарылатынын жариялауы мүмкін. 

Заңсыз миграцияға бөгет болу үшін салынатын 3,2 мың шақырымдық дуал салу мәселесін Трамп былтырдан бері көтеріп келеді. Америка президентінің есебі бойынша, құрылыс жұмыстарына 12 миллиард доллар кетеді, дегенмен, көптеген сарапшылар мұнымен келіспейді. Олар құрылыс жұмыстарына кететін қаржы тым азайтылып көрсетілгенін айтады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

26 қаңтар 2017, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.