Атырау, 3 маусым 15:49
 дождьВ Атырау +21.8
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын бастау туралы заң жобасы парламенттің қарауына түсті

2 008 рет қаралды

Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын бастау туралы заң жобасы парламенттің қарауына түсті. 

2 тармақтан тұратын құжат Премьер-министр Тереза Мэйге Одақ туралы келісм-шартқа сәйкес елдің ұйымнан шыққысы келетіні жөнінде өтініш беруге құқық береді. Ал бүгін құжаттың бірінші оқылымы болды. Бірақ нағыз талқылау 31 қаңтар мен 1 ақпанға белгіленген. Ал соңғы үшінші талқылау 8 ақпанда өтеді. Сарапшылар «құжат Лордтар палатасының қарауына түскенде қиындыққа тап болуы мүмкін» - дейді. Өйткені онда Одақтың құрамында қалуды қалайтындар басым. Ал наурыз айында қос палата құжаттың соңғы мәтінін келісіп, одан кейін Елизавета II-ші патшайым қол қоюы тиіс. Айта кетейік, үкімет Брюссельмен Одақтан шығу туралы келіссөзді бастамас бұрын оны парламент бекітуі тиіс деген шешімді Жоғарғы сот шығарған.

Дереккөз: 24.kz

27 қаңтар 2017, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.