Атырау, 27 қараша 19:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ-тағы қала мэрлері Трампқа қарсы

2 007 просмотра

АҚШ-та мигранттарға «пана болған» қала әкімдері президент Дональд Трампқа бағынудан бас тартты. 

Олар Ақ үй басшысының заңсыз босқындарды анықтап, отандарына кері қайтару жөніндегі жарлығын орындауға қарсы. Ақ үй болса жарлыққа бағынбаған шаһарға бөлінетін қаржыны қысқартпақ. Осыған байланысты қала басшыларын қолдаған шерулер өтіп жатыр. Акцияға қатысушылар президент қаулысы құқықтық тұрғыдан дұрыс құрылмаған дейді.

Ал «пана қала» атауы 80-ші жылдары Лос-Анджелесте полицейлерге ұстаған адамдардан миграциялық мәртебесін сұрауға тыйым салғаннан кейін шыққан. Құрама штаттарда мұндай 40 шақты шаһар бар. 

Эрик Гарсетти, Лос-Анджелес мэрі: 

- Мен басқа қалалардың мэрімен сөйлестім. Біз шаһарларымызды қауіпсіз ету үшін құқық қорғау органдарымен бірігіп жұмыс істейміз. Біреу біз шетелден қылмыскерлерді шақырамыз деп айыптап, келемеждеп сурет салған. Алайда бұл шындыққа сәйкес келмейді.

Дереккөз: 24.kz


27 қаңтар 2017, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.