Атырау, 18 маусым 00:19
 дождьВ Атырау +25.9
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Әлемде

Өзбекстанда Шавкат Мирзияевті ұлықтады Әлемде

Өзбекстанда Шавкат Мирзияевті ұлықтады

Өзбекстан президенті болып сайланған Шавкат Мирзияев бүгін ант қабылдап, қызметіне кірісті. Азаттықтың Өзбек редакциясының хабарлауынша, инаугурация парламенттің қос палатасының бірлескен сессиясы кезінде өткен,- деп хабарлады Азаттық. 14 желтоқсан 2016, 14:28 2 560 рет қаралды
Беларусьте "Донбаста соғысқан" күдіктілерге тергеу басталды Әлемде

Беларусьте "Донбаста соғысқан" күдіктілерге тергеу басталды

Беларусь билігі Украина шығысында әскери іс-қимылдарға қатысты деген күдікке ілінген он азаматқа қатысты тергеу бастады. Беларусь сыртқы істер министрі Игорь Шуневичтің 13 желтоқсанда журналистерге айтуына қарағанда, күдіктілер жалдамалылар ретінде ресейшіл сепаратистер жағында да, үкімет күштері жағында да соғысқан болуы мүмкін. Украинаның шығысындағы Луганск мен Донецк облыстарында 2014 жылдың сәуірінде басталған қақтығыстан 9700-ден астам адам қаза тапты,- деп хабарлады Азаттық. 14 желтоқсан 2016, 10:52 1 760 рет қаралды
"Ислам мемлекеті" ұйымындағы негізгі үш көшбасшының көзі жойылды - БАҚ Әлемде

"Ислам мемлекеті" ұйымындағы негізгі үш көшбасшының көзі жойылды - БАҚ

Пентагон басшысы Эштон Картер "Ислам мемлекеті" ұйымындағы негізгі үш көшбасшының көзі жойылғанын хабарлады, - деп жазады РИА Новости Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап. 14 желтоқсан 2016, 10:40 2 008 рет қаралды
Австрия ЕО-ның Түркиямен келіссөзін тоқтатуды талап етті Әлемде

Австрия ЕО-ның Түркиямен келіссөзін тоқтатуды талап етті

Еуропа Одағының (ЕО) елдері Австрия одаққа Түркияның қосылуы жөніндегі келіссөзді тоқтатуды талап еткен соң Еуропа комиссиясының жаңа ұсыныстарына келісе алмады,- деп хабарлады Азаттық. 14 желтоқсан 2016, 10:13 2 343 рет қаралды
Навальный Ресей президенті сайлауына түспек ниетте Әлемде

Навальный Ресей президенті сайлауына түспек ниетте

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный 2018 жылы Ресейде өтетін президент сайлауына түсу ниеті барын мәлімдеді деп хабарлайды Азаттықтың Орыс редакциясы. Навальныйдың мәлімдеуінше, оның сайлауалды бағдарламасы "Ресейді әділетті заманауи мемлекет ету бағытына" құрылады. 13 желтоқсан 2016, 16:04 2 654 рет қаралды
Өзбекстан: Каримов отставкаға жіберген адам премьерлікке ұсынылды Әлемде

Өзбекстан: Каримов отставкаға жіберген адам премьерлікке ұсынылды

Өзбекстанның биліктегі Либерал-демократиялық партиясы кезінде бұрынғы президент Ислам Каримов отставкаға жіберген, бірақ жаңа президент Шавкат Мирзияевке адал деп саналатын Абдулла Ариповты премьерлікке ұсынды,- деп хабарлады Азаттық. 13 желтоқсан 2016, 10:52 2 387 рет қаралды
ЕО мен Куба ынтымақтастық туралы "тарихи" келісім жасасты Әлемде

ЕО мен Куба ынтымақтастық туралы "тарихи" келісім жасасты

Еуропа Одағы (ЕО) мен Куба бірнеше онжылдықта бірінші рет қарым-қатынасты дұрыстау жөніндегі келісім жасасты. "Саяси диалог және ынтымақтастық келісімі" деп аталатын құжатқа 12 желтоқсанда Брюссельде Куба сыртқы істер министрі Бруно Родригес Паррилья мен ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі бас комиссары Федерика Могерини және одаққа мүше 28 елдің өкілдері қол қойды,- деп хабарлады Азаттық. 13 желтоқсан 2016, 10:44 2 940 рет қаралды
Криштиану Роналду "Алтын доп" жүлдесін төртінші мәрте жеңіп алды Әлемде

Криштиану Роналду "Алтын доп" жүлдесін төртінші мәрте жеңіп алды

"Реал" клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду France Football француз журналының жыл қорытындысы бойынша үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 13 желтоқсан 2016, 10:39 4 414 рет қаралды
Сербияда Сребреница қырғынына қатысты сот басталады Әлемде

Сербияда Сребреница қырғынына қатысты сот басталады

Сербия астанасы Белградта бүгін 1995 жылғы Сребреница қырғынына қатысы бар деп айыпталған сегіз адамның соты басталады. Сегіз адамға Сребреницаға жақын Кравица қаласында жүздеген "мұсылманды өлтіруге бұйрық берді немесе өлтіруге қатысты" деген айып тағылған,- деп хабарлады Азаттық. 12 желтоқсан 2016, 17:10 1 911 рет қаралды
Трамп: Пекиннің маған жөн сілтеуге қақы жоқ Әлемде

Трамп: Пекиннің маған жөн сілтеуге қақы жоқ

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп жексенбі күні Fox News арнасына берген сұхбатында Американың Тайваньмен арақатынасына Пекиннің араласуына жол бермейтінін мәлімдеді,- деп хабарлады Turkystan.kz. 12 желтоқсан 2016, 15:50 2 910 рет қаралды
Италия сыртқы істер министрі елдің премьер-министрі болып тағайындалды Әлемде

Италия сыртқы істер министрі елдің премьер-министрі болып тағайындалды

Алматы. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Маттео Ренци отставкаға кеткен соң, Италия сыртқы істер министрі Паоло Джентилоне елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ВВС орыс қызметінен. 12 желтоқсан 2016, 11:37 2 995 рет қаралды
Қырғызстанда конституциялық референдум мен жергілікті кеңештер сайлауы аяқталды Әлемде

Қырғызстанда конституциялық референдум мен жергілікті кеңештер сайлауы аяқталды

Қырғызстанда конституцияға өзгертулер енгізу туралы бүгін өткен референдум заңды деп танылды. Қырғызстан орталық сайлау және референдум өткізу жөніндегі комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, референдумге қатысқан сайлаушылардың 79,62 пайызы немесе 1 миллион 154 мың 411 адам конституцияға өзгертулер енгізуді қолдаған,- деп хабарлады Азаттық. 12 желтоқсан 2016, 10:48 2 055 рет қаралды
Нигерияда жарылыс жасауға 7-8 жастағы балалар пайдаланған Әлемде

Нигерияда жарылыс жасауға 7-8 жастағы балалар пайдаланған

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында орналасқан Майдугури қаласындағы базарда 7-8 жастағы екі қыз бала жарылғыш заттары бар белдікті іске қосты. Салдарынан бір адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Би-Би-Си-ге сілтеме жасап. 12 желтоқсан 2016, 10:34 2 097 рет қаралды
Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялады Әлемде

Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялады

Оңтүстік Корея депутаттары президент Пак Кын Хеге импичмент білдіруді қолдап дауыс берді. Импичментті 234 депутат қолдап, 59 депутат қарсы дауыс берді. Қарсы дауыс бергендер арасындер Пактің "Сэнури" партиясының депутаттары да бар. Пак Кын Хе өкілеттіктерінен айырылып, оның қызметін атқара тұру премьер-министр Хван Ке-анға тапсырылды,- деп хабарлады Азаттық. 9 желтоқсан 2016, 13:37 2 812 рет қаралды
Лавров: Сирия армиясы Алепподағы операциясын тоқтатты Әлемде

Лавров: Сирия армиясы Алепподағы операциясын тоқтатты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирия әскері Алеппоның шығысында әскери операцияларын уақытша тоқтатқанын хабарлады. Қаланың бұл бөлігінде көтерілісшілер әлі де бірер ауданды бақылауда ұстап тұр,- деп хабарлады Азаттық. 9 желтоқсан 2016, 09:57 1 715 рет қаралды
ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері Гамбургте кездеседі Әлемде

ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері Гамбургте кездеседі

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін Германияның Гамбург қаласына жыл сайынғы кездесуге жиналды. Кездесуде Украина мен Сирия дағдарысы да талқыланбақ,- деп хабарлады Азаттық. 8 желтоқсан 2016, 16:56 2 607 рет қаралды
Пәкістан: Апатқа ұшыраған ұшақ қозғалтышында ақау болған Әлемде

Пәкістан: Апатқа ұшыраған ұшақ қозғалтышында ақау болған

Пәкістанда 7 желтоқсанда апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағының ұшқышы апат алдында әуе диспетчеріне ұшақтың қозғалтқышында ақау барын хабарлаған деп мәлімдеді "Пәкістан халықаралық әуе желісі" (PIA) компаниясы,- деп хабарлады Азаттық. 8 желтоқсан 2016, 14:20 2 600 рет қаралды
ЕО дипломаттары: Ресейге қарсы санкция ұзаруы мүмкін Әлемде

ЕО дипломаттары: Ресейге қарсы санкция ұзаруы мүмкін

Еуропа Одағының (ЕО) дипломаттары ЕО басшылары келесі аптада Брюссельде өтетін саммитте Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды 2017 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзартуы әбден мүмкін екенін мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 7 желтоқсан 2016, 10:26 2 515 рет қаралды