Арнайы алгоритм бойынша жүйе пайдаланушылардың жариялымдары мен оларға жазылған пікірлерден "жасырын дабылдарды" анықтап отырады. Жасанды интелект жазылған посттардан жан дүниедегі ауырлық пен қайғы туралы сөзді, ал пікірлерден достарының: "Бәрі жақсы ма?", "Сен үшін алаңдап отырмын" және осыған ұқсас сұрақтарын іздейді.
Би-би-си мәліметі бойынша, механизм адамның көмекке мұқтаждығын анықтайды және кейін оны барлық мәліметті зерттеушілер тобына жібереді. Механизм суицидке бейім адамдарды видеотрансляция арқылы да анықтайтын деңгейге жеткізілмек. Бұл бағдарламаны жасаушы бөлімнің басшысы мұндай шаралардың пайдалы ғана емес, қажетті екенін айтады. Әзірше жоба АҚШ-та ғана іске қосылды. Сонымен бірге, Facebook психикалық саулықты қорғау ұйымдарымен бірлесе жұмыс істейді. Суицидке бейім пайдаланушылар психолог мамандармен платформалық месенджер арқылы шұғыл хабарласа алады.
Дереккөз: Tengrinews.kz