Атырау, 8 қазан 18:16
 дождьВ Атырау +23.5
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

Қытай шетелден 2,5 мыңнан астам қашып жүрген сыбайлас жемқорларды қайтарды Әлемде

Қытай шетелден 2,5 мыңнан астам қашып жүрген сыбайлас жемқорларды қайтарды

ҚХР билігі шетелде 90-нан астам мемлекетте жасырынып кетпек болған 2566 қашқын сыбайлас жемқорларды елге қайтарды, деп жазады China Daily, 2014-2016 жылдар аралығында іске асырған «Аспан торы» науқанын қорытындылап. 27 наурыз 2017, 12:00 1 950 рет қаралды
Иран Израильге қатысты америкалық компанияларға санкция салмақ Әлемде

Иран Израильге қатысты америкалық компанияларға санкция салмақ

Иран билігі "Израиль мен оның террористік әрекеттерін қолдайтын" америкалық 15 компанияға санкциялар салады деп хабарлады Иранның мемлекеттік IRNA агенттігі. Күдікті компаниялар Иранда жұмыс істемейтіндіктен бұл шешім символдық сипатта ғана 27 наурыз 2017, 11:56 2 694 рет қаралды
АҚШ Ресейде демонстранттардың ұсталғанын айыптады Әлемде

АҚШ Ресейде демонстранттардың ұсталғанын айыптады

АҚШ Ресейде жүздеген демонстранттың ұсталғанын айыптап, коррупцияға қарсы блогер әрі оппозиционер Алексей Навальныйдың ұсталғанына алаңдайтынын мәлімдеді. "Біз Ресей үкіметін барлық бейбіт демонстранттарды дереу босатуға шақырамыз" деді АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Марк Тонер 26 наурызда таратқан мәлімдемесінде. "Бейбіт демонстранттардың, бақылаушы құқық қорғаушылардың және журналистердің ұсталуы негізгі демократиялық құндылықтарды шектеу болып саналады" деді Тонер. Ол Вашингтонның Навальныйдың ұсталғаны туралы хабарға "алаңдай" бастағанын да айтты. 27 наурыз 2017, 10:32 1 722 рет қаралды
Мәскеуде наразылық шеруіне шыққан жүздеген адамды ұстаған Әлемде

Мәскеуде наразылық шеруіне шыққан жүздеген адамды ұстаған

Мәскеуде бүгін мыңдаған адам шыққан жемқорлыққа қарсы шеруіне қатысушы 360-қа жуық адамды полиция күштеп көлікке салып алып кеткені туралы «ОВД Инфо» сайты хабарлады. Ұсталғандардың арасында британдық Guardian газеті тілшісі де бар. Полицияның мәліметінше, шеруге 8 мыңға жуық адам жиналған. Белсенділер қатысушылары саны 20 мың адам дейді. 27 наурыз 2017, 09:39 2 896 рет қаралды
Беларусия арнайы қызметі Минскіде жаппай тәртіпсіздіктерге жол бермеді; 26 адам ұсталды Әлемде

Беларусия арнайы қызметі Минскіде жаппай тәртіпсіздіктерге жол бермеді; 26 адам ұсталды

Беларусия арнайы қызметі «Белый легион» және «Молодой фронт» қозғалысының белсенділерін ұстады. Олар 25 наурызда Минскіде жаппай тәртіпсіздіктер жоспарлап отырған, деп хабарлады БЕЛТА. 27 наурыз 2017, 09:58 1 810 рет қаралды
Шешенстандағы әскери бөлімшеге шабуыл жасалды: Алты сарбаз мерт болды Әлемде

Шешенстандағы әскери бөлімшеге шабуыл жасалды: Алты сарбаз мерт болды

Шешенстандағы әскери бөлімшеге шабуыл кезінде РФ Ресей гвардиясының алты жауынгері мерт болды, - деп хабарлайды РИА Новости ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  24 наурыз 2017, 17:05 2 677 рет қаралды
Әлемде

Хосни Мүбәрак қамаудан босатылды

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак бүгін қамауда жатқан Каирдегі әскери госпитальден босап шығып, Гелиополистегі үйіне кетті деп хабарлады Мүбәрактың адвокатына сілтеме жасаған Reuters агенттігі. 24 наурыз 2017, 16:17 1 914 рет қаралды
"Первый канал" Eurovision-нің ұсынысын қабылдамады Әлемде

"Первый канал" Eurovision-нің ұсынысын қабылдамады

Ресейдің "Первый канал" мемлекеттік телеарнасы Eurovision байқауын ұйымдастырушылардың байқауға Ресей атынан үміткер Юлия Самойлованы қашықтан қатыстыру туралы ұсынысын қабыл алмады. Бұған дейін Украина билігі Самойлованың Украина территориясына кіруіне тыйым салатынын мәлімдеген. Телеарна ұйымдастырушылардың ұсынысын "оғаш" және "шараның өз мән-мағынасына қайшы келеді" деп атады. 24 наурыз 2017, 12:10 2 075 рет қаралды
Полиция Лондонда теракт жасаған адамның есімін атады  Әлемде

Полиция Лондонда теракт жасаған адамның есімін атады

Ұлыбритания парламентінің ғимараты алдында полиция қызметкеріне шабуылдап, тұрғындарды қаққан адамның есімі - Халид Масуд. Бұл туралы Лондон полициясы хабарлады, деп жазады centralasian.org. 24 наурыз 2017, 10:09 2 050 рет қаралды
Мосулда жарылыстан жүзден астам адам қаза тапты Әлемде

Мосулда жарылыстан жүзден астам адам қаза тапты

Мосулдың батысында 22 наурыз күні тұрғын үйлер кварталында болған жарылыстан жүзден астам адам қаза тапты. Бригада генералы Мұхаммед әл-Джабуридің мәлімдеуінше, Мосул-әл-Джадида ауданында болған жарылыс орнынан 108 адамның мәйіті табылған. Бұл ауданда Ирак үкіметінің күштері мен "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырлары арасында кескілескен ұрыс жүріп жатыр. 24 наурыз 2017, 10:06 2 646 рет қаралды
Ресей парламенті Азаттық радиосы, "Америка дауысы" мен CNN-ді тексермек Әлемде

Ресей парламенті Азаттық радиосы, "Америка дауысы" мен CNN-ді тексермек

Ресей мемлекеттік думасы өзінің ақпаратты саясат жөніндегі комитетіне Радио Свобода (Азаттықтың Орыс қызметі), «Америка дауысы» және CNN ақпарат құралдарының қызметіне тексеру жүргізуді ұйымдастыруды тапсырған. Мұндай бастаманы биліктегі «Единая Россия» партиясының депутаты Константин Затулин көтерген. Оның сөзінше, бұл шара АҚШ Конгресіне енгізілген, сол елдің әділет министрлігіне ресейлік Russia Today телеарнасының америкалық заңдарға сәйкестігін тексеру үшін қосымша өкілеттіктер беруді көздейтін заң жобасына Ресей билігі тарапынан жауап болмақ. 18 наурыз 2017, 15:26 4 342 рет қаралды
Трамп пен Меркель алғаш рет кездесті Әлемде

Трамп пен Меркель алғаш рет кездесті

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуден кейін өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында Германия мен Францияға Украинаның шығысындағы жанжалды реттеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ол сонымен бірге Германия канцлеріне АҚШ-тың НАТО ұйымына адалдығынан айнымайтындығына сендірді. 18 наурыз 2017, 11:58 2 773 рет қаралды
ЕО-да өткен жылы босқандар саны сәл азайды Әлемде

ЕО-да өткен жылы босқандар саны сәл азайды

Өткен жылы Еуропа Одағы (ЕО) елдерінде бірінші рет пана сұраған 1,2 миллионнан астам адам тіркелді. Eurostat статистика агенттігінің мәліметтерінше, олардың көпшілігі - Сирия, Ауғанстан және Ирак азаматтары. Босқындар саны 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 50 мыңға азайған, бірақ 2014 жылы тіркелген 563 мыңға жуық адамнан әлдеқайда көп. 17 наурыз 2017, 10:43 2 590 рет қаралды
Францияда мектептегі атыстан соң бір жасөспірім ұсталды Әлемде

Францияда мектептегі атыстан соң бір жасөспірім ұсталды

Францияның Грасе қаласында 16 наурызда мектептегі атыстан екі адам жараланып, бір жасөспірім ұсталды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, екі оқушы мұғалімдеріне оқ атқан. Олардың бірі ұсталған, екіншісі қашып жүр. Бұл оқиғаға байланысты қалада террористік қауіп-қатер тәртібі жағдайы жарияланып, мектепке арнайы жасақ сарбаздары жөнелтілді. 17 наурыз 2017, 10:38 2 242 рет қаралды
Еуроодақ Facebook, Google және Twitter желілеріне айыппұл салатыны туралы ескертті  Әлемде

Еуроодақ Facebook, Google және Twitter желілеріне айыппұл салатыны туралы ескертті

Еуроодақ билігі Facebook, Google және Twitter желілеріне өз қызметтерін еуропалық стандарттарға сәйкестіндіру үшін бір ай уақыт берді. Егер мұндай болмаған жағдайда компанияларға айыппұл салынады, - деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап. 17 наурыз 2017, 10:20 2 118 рет қаралды