Атырау, 27 қараша 23:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Лондондағы шабуылдан бірнеше адам жараланды

2 385 просмотра

Лондонда Ұлыбритания парламенті ғимараты маңында оқ атылды. Ал Вестминстер көпірінде он шақты адамды көлік басып, біреуі қаза тапты.

Ұлыбритания парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Reuters агенттігінің дерегінше, теракт кезінде кемінде бір адам өліп, он шақтысы жараланған.

"Кейбір дерек көздері кемі алты, әйтпесе 10 адам жараланғанын айтады" деп хабарлады BBC. St Thomas' Hospital ауруханасының өкілі қатты жараланып, емханаға түскендердің ішінде бір әйел адамның жан тәсілім еткенін мәлімдеді.

Агенттіктің парламент мүшесі Дэвид Лидингтонға сілтеме жасап хабарлауынша, белгісіз бір адам полицейді пышақтаған, бұдан кейін оны полиция атып жаралаған.

Мұның алдында парламент ғимараты маңындағы Вестминстер көпірінде бірнеше адамды машина басып кеткені хабарланды.

BBC тілшілерінің бірінің Twitter-дегі жазбасына қарағанда, белгісіз адам мінген көлік Вестминстер көпірі маңында кемі бес адамды басып өтіп, одан кейін парламент ғимараты маңындағы қоршауға соғылған. Полицейге шабуыл жасап, кейін өзіне оқ тиген адамды сол көліктен түскен деп болжайды.

"Полиция азаматтардан Парламент алаңы, Уайтхолл, Вестминстер көпірі, Ламбет-бридж, Виктория-стриттің Бродвеймен қиылысына дейінгі және Виктория жағалауының "Эмбанкмент" метро станциясына дейінгі аудандарға бармауын өтінеді" дейді Скотленд-ярд.

Парламент ғимараты маңында оқ атқан, адамдарды көлікпен басып өткен кім екені әзірше белгісіз.

Полиция оқиға орнын қоршап тұр. Парламент жұмысы тоқтап, ғимарат жабылған. Елдің премьер-министрі Тереза Мэйдің қауіпсіз жерде екені, үкіметтің төтенше отырысын өткізетіні хабарланды.

Дереккөз:Азаттық



22 наурыз 2017, 23:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.