Атырау, 27 қараша 23:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ Ресейде демонстранттардың ұсталғанын айыптады

1 371 просмотра

Полиция Алексей Навальныйды ұстап әкетіп барады. Мәскеу, 26 наурыз 2017 жыл.
АҚШ Ресейде жүздеген демонстранттың ұсталғанын айыптап, коррупцияға қарсы блогер әрі оппозиционер Алексей Навальныйдың ұсталғанына алаңдайтынын мәлімдеді. "Біз Ресей үкіметін барлық бейбіт демонстранттарды дереу босатуға шақырамыз" деді АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Марк Тонер 26 наурызда таратқан мәлімдемесінде. "Бейбіт демонстранттардың, бақылаушы құқық қорғаушылардың және журналистердің ұсталуы негізгі демократиялық құндылықтарды шектеу болып саналады" деді Тонер. Ол Вашингтонның Навальныйдың ұсталғаны туралы хабарға "алаңдай" бастағанын да айтты.

Навальный мен жүздеген демонстрант 26 наурызда Ресей көлемінде өткен коррупцияға қарсы мыңдаған адам қатысқан демонстрацияларда ұсталған. Навальныйды жақтастарымен бірге Мәскеудің орталығындағы метро станциясының маңынан тұтқындаған. 2013 жылы Мәскеу мэрі сайлауына түскен және кейін 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысатынын мәлімдеген Навальный жақтастарын өзін ұстап әкеткеніне қарамай демонстрацияны жалғастыра беруге шақырды. "Менде барлығы жақсы. Твер бульварымен жүре беріңіздер" деп жазды Навальный автозакта кетіп бара жатып Twitter парақшасында. Кейін Навальный полицияда отырып Twitter-де көшеге шыққандарды "мақтан тұтанынын" жазып, демонстранттардың не үшін тұтқындалғаны "түсінікті" екенін мәлімдеді.

"Ұрылар өздерін осылай қорғайды. Бірақ коррупцияға қарсылардың барлығын бірдей ұстай алмайды. Біз - бірнеше миллионбыз" деп жазды Навальный Twitter-де.

Алексей Навальныйдың Коррупциямен күрес қорының баспасөз хатшысы Навальныйдың полиция бөлімінде сот болатын 27 наурызға дейін ұстайтынын жазды.

Дереккөз: Азаттық

27 наурыз 2017, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.