Атырау, 27 қараша 23:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Шешенстандағы әскери бөлімшеге шабуыл жасалды: Алты сарбаз мерт болды

2 518 просмотра


Шешенстандағы әскери бөлімшеге шабуыл кезінде РФ Ресей гвардиясының алты жауынгері мерт болды, - деп хабарлайды РИА Новости ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Мұның алдында Шешенстанның Наурская станица ауданында "алты лаңкестің" әскери бөлімшеге шабуыл жасағаны хабарланған.  

"Әскери қалашық аумағына кірмек болған кезде топты әскери жасақ байқап қалып, қақытығысқа түседі. Алты шабуылдаушының да көзі жойылды. Атыс кезінде алты сарбаз қаза болды және жарақаттанғандар бар. Қазіргі кезде қақтығыс болған жер қоршауға алынды", - делінген хабарламада.  

Лаңкестер қалың тұман түскен уақытта әрекетенгені айтылады.  Болған жайттың анық-қанығын білуге Ресей Федерациясы Ресей гвардиясы әскерінің орталық аппаратынан жедел топтың Шешенстанға аттанғаны хабарланып отыр. 

Дереккөз: Тengrinews.kz 


24 наурыз 2017, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.