Атырау, 8 қазан 18:16
 дождьВ Атырау +23.5
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

Мэттис: Дамаскінің химиялық қару қолданғанына күмән жоқ Әлемде

Мэттис: Дамаскінің химиялық қару қолданғанына күмән жоқ

Пентагон Сирияда өткен аптада химиялық қарумен шабуыл жасауда Ресейдің рөлі қаншалықты болғанын тексеріп жатыр. АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис әзірге шабуылды Сирия үкіметі ұйымдастырғанын мәлімдеді. "Барлу мәліметтерімен жеке өзім таныстым. Сирия режимінің шабуыл жасау туралы шешім қабылдауға және оны іске асыруға жауапты екеніне ешқандай күмән жоқ" деді Мэттис. 12 сәуір 2017, 14:20 2 603 рет қаралды
ЕО Иранға адам құқығы жағдайына қатысты салған санкциясын ұзартты Әлемде

ЕО Иранға адам құқығы жағдайына қатысты салған санкциясын ұзартты

Еуропа Одағы (ЕО) Иранға адам құқықтарының бұзылуына байланысты салған санкциясын тағы бір жылға ұзартты. ЕО мәлімдемесінде санкциялардың "адам құқықтарының кәдімгідей бұзылып жатқанына байланысты" келесі жылдың сәуіріне дейін күшінде қалатыны айтылған. 12 сәуір 2017, 11:05 2 405 рет қаралды
"Боруссия Дортмунд" клубы автобусының жанында үш жарылыс болды Әлемде

"Боруссия Дортмунд" клубы автобусының жанында үш жарылыс болды

Германия полициясының хабарлауынша, Дортмунд қаласының маңында "Боруссия Дортмунд" футбол командасының ойыншыларын тасымалдайтын автобустың жанында үш жарылыс болды. Клуб басшысы Ганс-Йоахим жарылыстан испаниялық ойыншы Марк Бартрдың жараланып, ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. 12 сәуір 2017, 09:27 2 115 рет қаралды
Санкт-Петербургтегі теракт: Террористік ұйымдардың 8 мүшесі ұсталды  Әлемде

Санкт-Петербургтегі теракт: Террористік ұйымдардың 8 мүшесі ұсталды

Санкт-Петербург метросында болған жарылысқа қатысты істе террористік ұйымдардың сегіз мүшесі ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников айтты.  11 сәуір 2017, 17:38 2 320 рет қаралды
Нью-Йоркте Пулитцер сыйлығының иегерлері жарияланды Әлемде

Нью-Йоркте Пулитцер сыйлығының иегерлері жарияланды

Нью-Йорктегі Колумбия университетінде Пулитцер сыйлығының лауреаттары жарияланды. Бұл туралы сыйлықтың ресми сайтында хабарланды. Сыйлық "Қоғамға сіңірген еңбегі" категориясы бойынша The New York Daily News және ProPublica басылымдарына берілді. Бұл басылымдар Нью-Йоркте әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың мемлекет үйлерінен шығарылғаны туралы жазған. Үздік зерттеу жұмысын жүргізгені үшін берілетін сыйлықты Charleston Gazette-Mail басылымының журналисі есірткі контрабандасын әшкерелегені үшін алды 11 сәуір 2017, 11:18 2 688 рет қаралды
Мысырдағы терактілерді жасаған кімдер? Әлемде

Мысырдағы терактілерді жасаған кімдер?

Жексенбі күні Мысырда жанкешті лаңкестер екі шіркеуде жарылыс жасады. «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісінің хабарлауынша, лаңкестердің аты-жөні Әбу Ысқақ әл-Масри және Әбу әл-Бараа әл-Масри екені анықталды. 11 сәуір 2017, 11:00 2 005 рет қаралды
Комиссия: Польша президенті ұшағының апатына жарылыс себеп болған Әлемде

Комиссия: Польша президенті ұшағының апатына жарылыс себеп болған

Польшаның үкіметтік комиссиясы 2010 жылы сәуірде Ресейдің Смоленск қаласының түбінде апатқа ұшыраған президент ұшағы құламас бұрын әуеде-ақ бөлшектеніп кеткен деген тұжырым жасады. Үкімет тағайындаған комиссияның алдын ала қорытындысы 10 сәуір - ұшақ апатына жеті жыл толғанда жарияланды. Апаттан Ту-154 ұшағында болған 96 адам, оның ішінде Польша президенті Лех Качинский де қаза тапқан. 11 сәуір 2017, 10:52 2 237 рет қаралды
Путин мен Роухани АҚШ-тың Сирияға "басқыншылығын" айыптады Әлемде

Путин мен Роухани АҚШ-тың Сирияға "басқыншылығын" айыптады

Ресей мен Иран президенттері Владимир Путин мен Хассан Роухани телефонмен сөйлесіп, АҚШ-тың Сирияға қарсы "басқыншылық" іс-қимылын айыптады деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі. Путин мен Роухани "АҚШ-тың халықаралық құқықты бұзып, егемен мемлекетке қарсы басқыншылық жасауына жол беруге болмайтынын" айтқан. 10 сәуір 2017, 15:32 3 029 рет қаралды
Тиллерсон мен G7 министрлері Сириядағы жағдайды талқылайды Әлемде

Тиллерсон мен G7 министрлері Сириядағы жағдайды талқылайды

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Италияға экономикасы дамыған "Үлкен жетілік" елдері сыртқы істер минитрлерінің кездесуіне барды. Жиында Сириядағы дағдарыс талқыланбақ. Италия ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Тиллерсон мен өзге G7 елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін кезекті сессияға қатысып, 11 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша Сириядағы жағдайды талқылау үшін арнайы кездесу өткізеді. 10 сәуір 2017, 12:19 2 812 рет қаралды
Швеция билігі: Шабуылға күдікті ИМ-ді қолдаған Әлемде

Швеция билігі: Шабуылға күдікті ИМ-ді қолдаған

Швеция билігінің мәлімдеуінше, Стокгольмдегі терактіге күдікті экстремистік ұйымға, оның ішінде "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымын қолдаған. Өзбекстанда туған, 39 жастағы азамат 7 сәуір күні Стокгольмнің орталығында жүк көлігімен көшедегі жұртты таптап өткен деген күдікке ілінген. Шабуыл салдарынан төрт адам қаза тауып, 15 адам жараланған. 10 сәуір 2017, 10:29 2 146 рет қаралды
Египетте терактілерден соң қауіпсіздікті сақтауға әскер жұмылдырылады Әлемде

Египетте терактілерден соң қауіпсіздікті сақтауға әскер жұмылдырылады

Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сиси екі копт шіркеуінде болған жарылыстардан соң ел аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосымша әскер жұмылдыруға бұйрық берді. Президент аппаратының мәлімдемесінде сарбаздардың "полицияның провинциялардағы өмірлік маңызы бар барлық нысандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне септесетіні" айтылған. Мұның алдында президент елде үш ай мерзімге төтенше жағдай жарияланатынын мәлімдеген. 10 сәуір 2017, 10:27 1 776 рет қаралды
Египетте тағы да жарылыс: Александриядағы ғибадатхана шабуылға ұшырады  Әлемде

Египетте тағы да жарылыс: Александриядағы ғибадатхана шабуылға ұшырады

БАҚ Мысырдағы тағы бір жарылыс жайлы хабарлады. Египетте Александрия қаласындағы коптық православиялық Әулие Марк соборында жарылыс болды, деп хабарлайды Al Jazeera. 10 сәуір 2017, 10:23 1 724 рет қаралды
Ресей Сирияның әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін күшейтпек Әлемде

Ресей Сирияның әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін күшейтпек

Ресей қорғаныс министрлігі АҚШ-тың Сирияның Шайрат әуе базасына зымыранмен соққы жасағанынан соң Сирияда әуе шабуылынан қорғаныс жүйесі күшейтілетінін мәлімдеді. Министрлік өкілі Жерорта теңізіндегі америкалық әскери кемелерден атылған 59 зымыранның 23-і ғана Сирия үкіметінің әуе базасына жеткенін айтты. 7 сәуір 2017, 16:59 3 103 рет қаралды
Пентагон Сириядағы әскери базаға жасалған авиасоққының видеосын жариялады  Әлемде

Пентагон Сириядағы әскери базаға жасалған авиасоққының видеосын жариялады

Сирия үкіметтік әскері базасында Жерорта теңізінде АҚШ ӘТК кемесінен шыққан «Томагавк» қанатты зымыранының соққылары  түсірілген  видеожазбаны жариялады.  АҚШ авиасоққысының мақсаты Хомс провинциясындағы Шайрат аэродромы, деп жазды Коммерсант.ру.  Бейнежазба 7 сәуір 2017, 11:06 2 384 рет қаралды
Молдова Ресейді Приднестровье паспортын мойындамауға шақырды Әлемде

Молдова Ресейді Приднестровье паспортын мойындамауға шақырды

Молдова билігі елден бөлінген Приднестровье билігінің Ресейден өз паспорттарын мойындауды сұраған өтінішін айыптады. Молдова парламентінің спикері Андриан Канду Мәскеудің мұндай қадамы "халықаралық құқық нормаларын өрескел түрде бұзатынын" мәлімдеді. 7 сәуір 2017, 10:24 2 000 рет қаралды
АҚШ Сирия әскери базасын зымыранмен атқылады - АҚШ   Әлемде

АҚШ Сирия әскери базасын зымыранмен атқылады - АҚШ

АҚШ қарулы күштері Сирия үкіметтік жасағының әскери базасы бойынша Хомс провинциясы аумағына 50 зымыран жіберді.  Бұл туралы ТАСС агенттігі NBC телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлады. 7 сәуір 2017, 09:06 2 719 рет қаралды
Мәскеу: Батыс Иерусалимді Израильдің астанасы деп тануға дайынбыз Әлемде

Мәскеу: Батыс Иерусалимді Израильдің астанасы деп тануға дайынбыз

Мәскеу Батыс Иерусалимді Израильдің болашақтағы астанасы, ал қаланың шығыс бөлігін болашақ Палестина мемлекетінің астанасы ретінде көретінін мәлімдеді. Тель-Авив Мәскеудің бұл шешімін "күтпеген, бұрын-соңды болмаған және қызық" шешім деп атады. Ресей сыртқы істер министрлігінің 6 сәуірде жариялаған мәлімдемесі Мәскеу саясатындағы алға қарай кәдімгідей ілгерілеу сияқты көрінеді. Бұған дейін Мәскеу қала халықааралық бақылауда болуы тиіс деп келген. 7 сәуір 2017, 08:50 2 478 рет қаралды
Ресей БҰҰ-ның Идлибтегі шабуылды айыптайтын қарарын қабылдамады Әлемде

Ресей БҰҰ-ның Идлибтегі шабуылды айыптайтын қарарын қабылдамады

Ресей сыртқы істер министрлігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияның Идлиб провинциясында ондаған адам қаза тауып, жапа шеккен ықтимал химиялық шабуылды айыптайтын қарары жобасын қабылдамай тастады. 6 сәуір 2017, 10:42 2 485 рет қаралды
Астраханда полицейлерді өлтірді делінген төрт күдіктінің көзі жойылды  Әлемде

Астраханда полицейлерді өлтірді делінген төрт күдіктінің көзі жойылды

Ресейлік гвардияның сарбаздарына шабуыл жасаған және Астраханда полицейлерді өлтірді делінген төрт күдіктінің көзі жойылды, - деп хабарлайды РИА Новости Ресей гвардиясының ресми өкіліне сілтеме жасап. 6 сәуір 2017, 10:38 3 006 рет қаралды
Бішкек: Джалилов Қырғызстан азаматтығын ешқашан алмаған Әлемде

Бішкек: Джалилов Қырғызстан азаматтығын ешқашан алмаған

Санкт-Петербург метросында болған терактіге күдікті Акбаржон Джалилов Қырғызстан азаматтығын ешқашан алмаған деп хабарлады Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі ресми сайтында. 5 сәуір 2017, 15:55 2 857 рет қаралды