Атырау, 8 қазан 19:13
 дождьВ Атырау +23.5
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

Сирияда тағы бір ресейлік әскери кеңесші оққа ұшты Әлемде

Сирияда тағы бір ресейлік әскери кеңесші оққа ұшты

Ресей қорғаныс министрлігі Сирияда ресейлік әскери кеңесші, подполковник Алексей Бучельниковтың қаза тапқанын хабарлады. Кеңесші Сирияда Сирия армиясының артиллеристерін жаттықтыратын топтың құрамында болған. Министрлік мәлімдемесінде "жаттығу кезінде бөлімшелердің біріне мергендер оқ жаудырып, Бучельниковтің ауыр жараланғаны" айтылады. 3 мамыр 2017, 10:26 2 580 рет қаралды
Хиллари Клинтон: Сайлаудағы жеңілісіме ресейлік хакерлер кінәлі  Әлемде

Хиллари Клинтон: Сайлаудағы жеңілісіме ресейлік хакерлер кінәлі

Хиллари Клинтон СNN арнасына берген сұхбатында былтырғы АҚШ-та өткен президент сайлауында өзінің жеңіліс табуына Ресей хакерлері мен ФБР басшысы Джеймс Комидің тікелей қатысы барын айтты.  3 мамыр 2017, 09:48 2 425 рет қаралды
Ақ үй: Трамп Путинмен телефонмен сөйлеседі Әлемде

Ақ үй: Трамп Путинмен телефонмен сөйлеседі

АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлеседі деп хабарлады Ақ үй. Трамп әкімшілігі өкілінің айтуына қарағанда, екі ел басшылары телефонмен әңгімеде Сириядағы қақтығысты талқылайды. Сириядағы алты жылға созылған азамат соғысында Ресей президент Башар Асадты, ал АҚШ Асадтың билігін құлатқысы келетін қарулы көтерілісшілерді қолдайды. 2 мамыр 2017, 10:28 3 103 рет қаралды
Тиллерсон: Солтүстік Кореяға соғыс арқылы соққы беруге сақадай саймыз  Әлемде

Тиллерсон: Солтүстік Кореяға соғыс арқылы соққы беруге сақадай саймыз

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Тилерсон 28 сәуір күні БМҰ-ның АҚШ ұйымдастырған аса маңызды бір жиналысында: "Әлемдегі әр ел Солтүстік Кореяға қысым көрсетуге дайын тұрсын, өйтпегенде, бұл әңгіменің арты қырғыншылыққа ұласады", – деді. 2 мамыр 2017, 10:10 2 268 рет қаралды
HRW: Сирия үкіметі өткен желтоқсаннан бері 4 рет химиялық қару қолданған Әлемде

HRW: Сирия үкіметі өткен желтоқсаннан бері 4 рет химиялық қару қолданған

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымының мәлімдеуінше, Сирия үкіметі 2016 жылдың желтоқсанынан бері химиялық шабуылдар кезінде, оның ішінде 4 сәуірде Хан Шейхун қаласында 100-ге тарта адам қаза тапқан шабуылда төрт рет жүйкені зақымдайтын газ қолданған. Ұйымның 1 мамырда жариялаған жаңа есебінде бұл шабуылдың "үкімет күштерінің бірнеше рет жасаған химиялық қару шабуылдарының бір бөлігі ғана" екені және оның адамзатқа қарсы қылмыс жасау болып саналатыны айтылады. 2 мамыр 2017, 09:28 2 148 рет қаралды
Энтони Джошуа Владимир Кличконы нокаутқа түсірді Әлемде

Энтони Джошуа Владимир Кличконы нокаутқа түсірді

29 сәуірде кешкі уақытта Лондондағы Уэмбли стадионында жылдың ең маңызды жекпе-жектерінің бірі өтті. Аса ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы 27 жастағы ұлыбританиялық Энтони Джошуа экс-чемпион, осы дивизионның көп жыл бойғы чемпионы 41 жастағы украиналық Владимир Кличкомен жұдырықтасты.  Бейнежазба 30 сәуір 2017, 14:31 2 737 рет қаралды
АҚШ-тың зымыранға қарсы жүйесі Ресей мен Қытайды қорқытты Әлемде

АҚШ-тың зымыранға қарсы жүйесі Ресей мен Қытайды қорқытты

26 сәуір күнгі, Ресей Қытай қарулы күштері Мәскеу халықаралық қауіпсіздік конференциясында, жаһандық және өңірлік зымыранға қарсы жүйелер тақырыбында бірлескен брифинг өткізді. 28 сәуір 2017, 10:55 3 748 рет қаралды
​Трамп АҚШ қайраңынан мұнай және газ өндіруді кеңейту туралы жарлыққа қол қояды Әлемде

​Трамп АҚШ қайраңынан мұнай және газ өндіруді кеңейту туралы жарлыққа қол қояды

Дональд Трамп АҚШ құрлықтық қайраңында мұнай және газ өндіру ауқымын кеңейтуге бағытталған жарлыққа қол қояды. АҚШ ішкі істер министрі Райан Зинке президент Дональд Трамптың АҚШ құрлықтық қайраңында мұнай және газ өндіру ауқымын кеңейтуге бағытталған жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.  28 сәуір 2017, 10:30 2 764 рет қаралды
Түркияда «Гүленмен байланысы бар» деп ұсталғандар саны мыңнан асты Әлемде

Түркияда «Гүленмен байланысы бар» деп ұсталғандар саны мыңнан асты

Түркияда 26 сәуірде АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхулла Гүленмен байланысы бар деген күдікпен ұсталған полиция қызметкерінің саны 1 мыңнан асты. Түркия билігі Гүленді өткен жылы шілдеде іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп айыптайды. 28 сәуір 2017, 10:15 2 493 рет қаралды
Мәскеу мэриясы 6 мамырда Болотный алаңында акция өткізуге келіспеді Әлемде

Мәскеу мэриясы 6 мамырда Болотный алаңында акция өткізуге келіспеді

Мәскеу мэриясы оппозицияның 6 мамырда Октябрьский көшесінен Болотный алаңына дейін өткізетін митингісіне рұқсат бермеді. Мэрия митинг өткізуден бас тарту себебін "Қызыл алаңда 9 мамырда өтетін әскери парадқа дайындық жүргізіледі" деп түсіндіреді. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігіне акцияны ұйымдастырушылардың бірі Александр Рыклин хабарлады. 27 сәуір 2017, 14:35 2 968 рет қаралды
Бүгін Қытай екінші ірі ұшақ тасымалдаушы кемесін суға түсірді Әлемде

Бүгін Қытай екінші ірі ұшақ тасымалдаушы кемесін суға түсірді

Қытай Кеме жасау Ауыр өнеркәсіп корпорациясында дербес зерттеліп жасалған ауыр әскери техникасын (авиаматка) теңізге шығарып салу салтанаты өткізілді. Бұл туралы сол елдің "Шинхуа" ақпараттық агенттігі хабарлап отыр. 26 сәуір 2017, 11:26 4 170 рет қаралды
ЕҚЫҰ Донбаста бақылаушылар көлігінің жарылу оқиғасын тексере бастады Әлемде

ЕҚЫҰ Донбаста бақылаушылар көлігінің жарылу оқиғасын тексере бастады

ЕҚЫҰ Украинаның шығысында бақылаушылар миссиясының көлігі минаға түсіп жарылған оқиғаны ішкі тексеруді бастады. БҰҰ бас хатшысы Ламберто Заньердің Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуден соң мәлімдеуінше, сонымен қатар оқиғаға қатысы барларды анықтау үшін өзге де тергеу жүргізіледі. 26 сәуір 2017, 10:32 1 962 рет қаралды
Украина Луганск облысына электр қуатын жеткізуді тоқтатты Әлемде

Украина Луганск облысына электр қуатын жеткізуді тоқтатты

Украинаның мемлекеттік "Укрэнерго" компаниясы Луганск облысының Ресей қолдайтын сепаратистер бақылауындағы аудандарына "қарыз" деген себеппен электр қуатын беруді тоқтатты. Компания басшысы Всеволод Ковальчук Facebook-те 25 сәуірде Луганск облысының "үкіметтің уақытша бақылауында емес" аймақтарына электр қуатын жеткізудің бір мезетте толық тоқтатылғанын жазды. 26 сәуір 2017, 10:18 1 910 рет қаралды
Заньер мен Лавров Украина шығысындағы қақтығысты талқылайды Әлемде

Заньер мен Лавров Украина шығысындағы қақтығысты талқылайды

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгін Мәскеуде ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Ламберто Заньермен кездеседі. Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Лавров пен Заньер Украинаның шығысындағы қақтығысты реттеу жолдарын талқылайды. 25 сәуір 2017, 16:45 2 027 рет қаралды