Атырау, 28 қараша 03:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Путинді Ресей халқының 64 пайызы қолдайды

1 633 просмотра


Ресей халқының 64 пайызы Владимир Путинді қолдайды деп мәлімдеді РФ Левада әлеуметтік зертеу орталығы. 

Өткен аптада Ресейде «2018 жылғы президент сайлауында кімге дауыс берер едіңіз» деген тақырыпта Левада орталығы әлеуметтік зертеу жүргізген. Зертеудің нәтижесінде ЛДПР партиясының басшысы Владимир Жириновский мен КПРФ басшысы Геннадий Зюганов 3 пайыз, РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу 1 пайыз сайлаушылардың дауысын алған. Ал Ресей Федерациясының қазіргі президенті Владимир Путин халықтың 64 пайыз дауысын жинаған.  

Бірақ Путин әзірге Ресейде 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысу, қатыспау жайында ешқандай мәлімдеме жасамаған. 

Владимир Путин осыған дейін 3 рет президенттік сайлауға қатысып, үшеуінде де жеңіске жеткен болатын. 7-ші мамыр күні Путиннің Ресейді басқарып келе жатқанына 17 жыл толады.

Дереккөз: Qazaqtimes.com 

2 мамыр 2017, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.