Дональд Трамп АҚШ құрлықтық қайраңында мұнай және газ өндіру ауқымын кеңейтуге бағытталған жарлыққа қол қояды. АҚШ ішкі істер министрі Райан Зинке президент Дональд Трамптың АҚШ құрлықтық қайраңында мұнай және газ өндіру ауқымын кеңейтуге бағытталған жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.
Зинкенің айтуынша, қазір сыртқы құрлықтық қайраңның 94 пайызға жуығын бұрғылауға мүмкіндік жоқ. Наурыз айында мұнай мен газ өндіруге 16 миллион акр ғана жалға берілген. Әзірге жалға алынған аумақтың 97 пайызы Мексика шығанағында. Қайраңда 90 миллиард баррель зерттелмеген мұнай және 9,3 триллион текше метр зерттелмеген табиғи газ қоры бар. Министр Трамп әкімшілігінің энергия ресурстарын экспортқа шығаруға, соның ішінде Шығыс Еуропаға газ тасымалдауға ниетті екенін баса айтты.
Дереккөз: inform.kz