Атырау, 28 қараша 03:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АҚШ-тың зымыранға қарсы жүйесі Ресей мен Қытайды қорқытты

3 550 просмотра

Thaad жүйесі құрылғыларын тасымалдау, Фото: Funon
26 сәуір күнгі, Ресей Қытай қарулы күштері Мәскеу халықаралық қауіпсіздік конференциясында, жаһандық және өңірлік зымыранға қарсы жүйелер тақырыбында бірлескен брифинг өткізді. 

Кеңес тақырыбының зымыранға қарсы жүйе ретінде көтеруі Корей түбегіне орнатылып жатқан АҚШ-тың «Саад» зымыранға қарасы жүйесі, Қытай мен Ресейдің басты мүдделеріне қайшы келіп отыр. Олар өздерінің қауіпсіздігінен алаңдап, бұл жүйенің елдеріне жақын орналасуына қарсы. 

Бейжің өз қарсылығын білдірді және жүйені орнатпау ісіне Американы көндіру үшін Ресейді одақтас етіп тартты деуге болады. Қытайдың Жоғары әскери комиссиясы Бірлескен Қызметкерлер операциялар бюросы директорының орынбасары, генерал-майор Цай Жүн: «Жаһандық зымыранға қарсы жүйені дамыту, бұл сөзсіз ғаламдық қоршаған ортаға ауыр зардап алып келеді. Халықаралық қоғамдастық мүшелерінің көпшілігінің пайдасына шешілмеген», – деп сынға алды.

БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл мәселені талай рет қарап, бірнеше елді бұл жүйелерді дамытуды тоқтатуға шақырған. Алайда осы жүйені қолданатын НАТО-ға мүше елдер, әсіресе АҚШ бұл жүйені жаһандық қауіпсіздік үшін маңызды деп түсіндіруде. Мәскеу отырысында Қытай мен Ресей жақ бір ауыздан: «Ортақ халықаралық құқықты және өзге елдердің құқық-мүдделерін елемеу, сыңар жақты мүддешілдікпен жаһандық зымыранға қарсы жүйелерді іске қосу, міне осы аталғандар шын мәнісінде абсолютті біржақты әскери артықшылықты іздеуге болып табылады», – деген айып тақты.

Дереккөз: Qazaqtimes.com 

28 сәуір 2017, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.