Атырау, 8 желтоқсан 17:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

"Грэмми үшін "Құрмет": Иманбек Республика күніне орай орденмен марапатталды

94 рет қаралды
Сурет: facebook.com/aida.balayeva.2025
Сурет: facebook.com/aida.balayeva.2025

Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бірқатар отандасымызға мемлекеттік награда тапсырды. Олар марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмаған еді. 

Осыдан бұрын мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталып, салтанатты жиын өткен болатын. 

Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау ол үшін айрықша мәртебе болғанын айтты Балаева. "Игілікті жолдағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін", - деді ол лауреаттардың Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық өмірін дамытуға қосқан үлесін атап өтіп.

«Құрмет» орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды. Ал, Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.

Балаеваның айтуынша, марапатталғандар "мәдениетті, өнерді, дінаралық диалогты дамытуға және Қазақстанның халықаралық имиджін жақсартуға үлкен үлес қосып келеді".

Бүгін, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.