Атырау, 8 желтоқсан 19:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атыраудағы айналма жол көпірінде тағы ақау пайда болды

Бейнежазба
104 рет қаралды

Көпірде арасы қосылған жерлерде құрылымдық элементтері көрініп тұрған саңылаулар пайда болды.

Айналма жолдағы осыған ұқсас ақаулар дәл бір жыл бұрын анықталды, содан кейін жол қызметкерлері қауіпті жерлерді жөндеді. Бірақ, шамасы, көпірге уақытша "жамауға" қарағанда, күрделі жөндеу қажет. Өтіп бара жатқан автокөліктер сол ақауы бар жерден екпінмен секіріп өтеді, ал шошайып шығып тұрған арматура дөңгелектерге зақым келтіріп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының орын алуына жеткізуі әбден мүмкін.

Сондай-ақ, 2023 жылы мамандар қаланың барлық автомобиль көпірлеріне, оның ішінде 1985 жылы пайдалануға берілген айналма жолға техникалық тексеру жүргізгенін еске саламыз. Ол кезде көпірлердің жағдайы пайдалануға жарамды деп бағаланды.

Лев ГУЗИКОВ

Сурет пен видеоны түсірген автор

Бүгін, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.