Атырау қаласындағы көлік көпірлеріне жүргізілген техникалық байқаудың қорытындысы белгілі болды.
Облыс орталығындағы бес көпір: Жилгородок – Авангард, Балықшы – Жұмыскер, Әлиев – Сатыбалдиев, Баймұханов – Мечников және айналма жол тексерілді.
Бағалау жұмыстарын былтыр тиісті тендерді жеңіп алған «QRG Standart» ЖШС мамандары жүргізіп, оған бюджеттен 34,5 млн теңге бөлінген.
«АЖ» сауалына Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ерболат ОМАРОВТЫҢ қолы қойылған жауапта, «тексерулердің жиынтық нәтижесі бойынша нысандардың техникалық жағдайы жалпы алғанда жұмысқа жарамды санатына сәйкес келеді».
Орталық көлік көпіріне келсек, жақында әкімдік бұл жерде «орташа» жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарынан бас тартып, толықтай қайта жаңғыртуды көздеп отырғанын естеріңізге сала кетейік.
Лев ГУЗИКОВ
ӨКҚ жолдаған сурет