Атырау, 12 желтоқсан 01:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Айналма көпірде ақаулар пайда болды

Бейнежазба
973 просмотра

Атырауда салынғанына 40 жылға жуық уақыт болған айналма көпірдің көлік жолы жігінен алшақтап, ортасында ойық пайда болды. 

Көпірдің құрастырмаларының арасы алшақтап, арматуралар жолдың бетінде ашық көрініп жатыр. Жолдың бетіне шығып жатқан арматура сымдар, көліктердің дөңгелегіне кірсе, жол көлік оқиғасына әкеп соғуы мүмкін, деп алаңдайды тұрғындар. 

1985 жылы ашылған көпірдің ұзындығы 305 метр, ені 14 метр.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, қазіргі кезде қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары оқиға орнына барып, қазіргі таңда қажетті зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

- Зерделеу нәтижесіне қарай ойықты жөндеу жұмыстары жол қозғалысын шектеумен немесе шектеусіз жүргізу туралы шешім қабылданып, қосымша хабарланады, - деп жауап берді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ


13 қараша, 22:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.