
Жетісу облысында шетелдік қатысуы бар компанияның 2,3 мың гектар жері мемлекетке қайтарылады
Жетісу облысында сот жалпы құны шамамен 50 млн теңге болатын 2,3 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында аталған жер учаскелерінің құрамында шетелдік қатысуы бар жеке компанияның иелігінде болғаны анықталған.
Қадағалау органының мәліметінше, заңды тұлғаның құрылтайшылары Иранның үш азаматы болған. Жер учаскелері Ескелді ауданында орналасқан. Прокуратураның анықтауынша, бұл жерлер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып берілген.
Ескелді ауданының прокуратурасы жер учаскелерін мемлекетке қайтару туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Сот талапты қанағаттандырды.
Алайда сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратураның хабарлауынша, жалпы облыс бойынша прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде мемлекетке 41,1 мың гектардан астам жер қайтарылған. Олардың жалпы құны 1,7 млрд теңгеден асады.
В Атырау +23.2