Атырау, 28 қараша 03:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мәскеу мэриясы 6 мамырда Болотный алаңында акция өткізуге келіспеді

2 751 просмотра


Мәскеу мэриясы оппозицияның 6 мамырда Октябрьский көшесінен Болотный алаңына дейін өткізетін митингісіне рұқсат бермеді. Мэрия митинг өткізуден бас тарту себебін "Қызыл алаңда 9 мамырда өтетін әскери парадқа дайындық жүргізіледі" деп түсіндіреді. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігіне акцияны ұйымдастырушылардың бірі Александр Рыклин хабарлады.

Билік оппозиция сұраған маршруттың орнына метроның "Октябрьское поле" станциясынан маршал Василевский көшесімен "Щукинский" станциясына дейін немесе Перерва көшесімен Люблинский көшесіне дейін шерулетіп өтуді ұсынған. Бірақ бұл ұсыныс оппозицияның көңілінен шықпайды. Рыклиннің сөзінше, ұйымдастырушылар қаланың орталығындағы алаңдарға қатысты келіссөз жүргізуге дайын, бірақ қандай жағдай болса да Перерва көшесіне бармайды.

Оппозиция Болотный алаңында 6 мамырда митинг өткізу туралы өтінішті 24 сәуірде берген. Ұйымдастырушылар 2012 жылы 6 мамырда билік рұқсат еткен "Миллиондар маршының" маршруты бойынша митинг өткізгісі келеді. Ол марш биліктің тұжырымы бойынша "тәртіпсіздікке" ұласқан еді. Мәскеу мэриясы содан бері жыл сайын басқа алаңдар мен маршруттар ұсынып, рұқсат беруден жалтарып келеді.

2012 жылы 6 мамырда өткен "Миллиондар маршы" кезіндегі демонстранттардың полициямен қақтығысына қатысты қозғалған "Болотный ісі" бойынша 30-дан астам адам сотталған.

Дереккөз: Азаттық

27 сәуір 2017, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.