Атырау, 8 қазан 18:11
 дождьВ Атырау +23.5
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Қазақстанның солтүстік шекарасы маңында дрондардың шабуыл жасау қаупі жарияланды

51 рет қаралды
Әлеуметтік желіден алынған фото
Әлеуметтік желіден алынған фото

Омбы облысында 8 қазанда дрон қаупі режимі жарияланды.

Бұл туралы өңір әкімі Виталий Хоценко Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады. Ол тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және барлық оқиғалар туралы 112 нөміріне жедел хабарлауға шақырды.

Ықтимал дрондарға қатысты билік әзірге қосымша мәлімет берген жоқ.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл Омбы облысында дрон қаупі режимінің сегізінші рет жариялануы. Бұған дейінгі ескерту 30 қыркүйекте енгізілген.

Қауіпке байланысты Омбы әуежайында әуе кемелерін қабылдау және жөнелту уақытша тоқтатылды. Ресейдің Федералдық әуе көлігі агенттігінің (Росавиация) мәліметінше, шектеулер ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

Сонымен қатар өңір билігі дрон қаупі режимі кезінде мобильді интернет жұмысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін екенін ескертті.

Тұрғындарға дрондарға қарсы жүйелердің жұмысын көрсететін кадрларды интернетте жарияламауға да кеңес берілді.

Осы уақытта Украинадағы Telegram-арналарда ұшқышсыз ұшу аппараттарының атып түсірілген сәттері бейнеленген видеолар тарады.

Бүгін, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.