Атырау, 28 қараша 03:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жапонияда сөзден сүрінген министр отставкаға кетті

2 004 просмотра


Жапонияда қайта қалпына келтіру істері жөніндегі министр Масахиро Имамура (суретте) сөзден сүрінгені үшін отставкаға кету туралы өтініш білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Сейсенбіде банкетте сөз сөйлеген министр 2011 жылы цунамиден зардап шеккендерге қатысты екіұшты пікір білдірген. Ол 2011 жылы болған апат салдарының сомасы 25 триллион иен (шамамен 227 миллиард доллар) екенін айтып, былай деп қостады: "мұның Тохокуда болғаны жақсы (Хонсю аралының солтүстігіндегі аудан, осы аудан ең қатты зардап шеккен болатын - Авт.), себебі астанаға жақын маңда болса, шығын көлемі бұдан да көп болар еді". 

Қоғамда бұл сөздер 20 мыңға жуық адам қаза тапқан перфектураларға құрметсіздік ретінде бағаланды. Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ Имамураның осы сөзі үшін кешірім сұрады. 

Шенеуніктің дау туғызған сөздері мұнымен бітпейді екен. Имамура үш апта бұрын "Фукусима-1" АЭС-інде болған апаттан Фукусима перфектурасының тұрғындарының өз үйіне қайтуды "жеке бастарының ісі" деп мәлімдеп, басы дауға қалған екен. Оның үстіне баспасөз мәслихаты аяқталған кезде ол осы сұрақты қойған журналиске "бұл жерге ешқашан келмеуді" және "ауызды жабуды" бұйырған. Сол уақытта премьер-министр Абэ министрді қорғап қалған еді. Ал ендігі дау-дамайдан кейін Масахиро Имамураның отставкағасы қабылданыпты.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


26 сәуір 2017, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.