Атырау, 8 қазан 17:41
 дождьВ Атырау +23.2
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

​​Атырауда Халықаралық театр фестивалі өтеді​

97 рет қаралды
Р. Отарбаевтың пьесасы бойынша «Бейбарыс»  қойылымы / Каир, 2023 ж.
Р. Отарбаевтың пьесасы бойынша «Бейбарыс» қойылымы / Каир, 2023 ж.

Атырауда 12–16 қазан аралығында жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев атындағы III халықаралық театр фестивалі өтеді.

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының бас суретшісі Темірбек Мұхтаров баспасөз мәслихатында хабарлағандай, фестивальге Қазақстанның әр өңірінен және шетелден барлығы 11 театр ұжымы қатысып, өздерінің шығармашылық ізденістері мен сахналық қойылымдарын көрермен назарына ұсынады. 

Фестивальдің басты мақсаты – театр өнерін дамыту, шығармашылық байланыстарды нығайту және Рахымжан Отарбаевтың әдеби-драматургиялық мұрасын кеңінен насихаттау.

Фестивальдің ашылу салтанаты 12 қазанда сағат 16.30-да өтеді. Ал, фестиваль шымылдығын сағат 18.00-де Қостанай облыстық «Арқалық қазақ жасөспірімдер театры» ұжымы автордың «Махаббат мұнарасы» қойылымымен ашады. Төрт күн бойы қатысушы театрлар қойылымы Махамбет атындағы театрда және Атырау Жастар театры сахнасында көрермен назарына ұсынылады. Фестивальдің жабылу салтанаты 16 қазанға жоспарланған.

- Фестиваль аясында театр өнерінің өкілдері, режиссерлер, актерлер, суретшілер, өнер қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері бас қосып, тәжірибе алмасады. Қатысушы театрлар бір шығарманың әртүрлі сахналық шешімдерін ұсынып, режиссура, актерлік шеберлік және сценография бағыттарындағы ізденістерін көрсетеді, - деді Т. Мұхтаров.

Театр орынбасары Гүлнұр Қайырлиева, фестиваль тек спектакльдер көрсетілетін мәдени іс-шара емес, сонымен қатар театр мамандарының басын қосып, шығармашылық байланыстарды нығайтатын кәсіби алаң болатынын жеткізді.

Бүгін, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.