Атырау, 8 қазан 17:49
 дождьВ Атырау +23.2
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Балаларды Испанияға апарамын деп 24 млн теңге жымқырған алаяқ темір торға қамалды

70 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Астанада балаларды халықаралық футбол турниріне апаруды сылтау етіп жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Елорда прокуратурасының хабарлауынша, сотталған адам ата-аналарды жас футболшылардың Испанияға «барлығы қамтылған» тарифі бойынша сапары ұйымдастырылатынына сендірген. 

Турнирге қатысу ақысын, әуе билеттерін, визалық қызметтерді, балаларды алып жүру және спорттық киім сатып алу шығындарын төлеу деген түрлі сылтаулармен жәбірленушілерден ақшалай қаражат алған. 

Алайда іс жүзінде өзіне алған міндеттемелерін орындамай, алынған ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланған.

9 жәбірленушіге келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 24 млн теңгеден асты.

Сот үкімімен қаскөйге 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Келтірілген залал сотталған адамнан өндіріп алынды.

Осы оқиғаға байланысты Астана қаласының прокуратурасы азаматтарға балаларды шетелдегі спорттық жарыстарға жіберу кезінде сақтық танытуды ескертеді. Құқық қорғау органдары тек ауызша уәдеге сенбеуге, ұйымдастырушылардың өкілеттігін, ресми шақыру хатын, тиісті келісімшартты, әуе билеттері мен мейманхана бронын мұқият тексеруге шақырады.

Бүгін, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.