Атырау, 28 қараша 03:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ұлыбритания парламенті өз жұмысын тоқтатты

2 075 просмотра


Ұлыбритания парламенті өз жұмысын уақытша тоқтатты деп  хабарлайды ВВС ақпараттар қызметі. 

Ұлыбритания заңына сәйкес сайлауға 25 күн қалғанда парламент жұмысын тоқтатып, депутаттар парламент мүшесі деген лауазымынан айырылады. Ұлыбритания парламенті 3-ші мамыр күні түнгі сағат 00:01-де тараған. 

Бірақ парламент тарағанымен премьер-министр Тереза Мэй мен ел үкіметі өз жұмысын сайлауға дейін жалғасытра береді. 

Естеріңізге салайық Тереза Мэй 18-ші сәуірде елде мерзімінен 3 жылға ерте сайлау өткізетіндіктері жайында мәлімдеме жасаған болатын. Мэй бұл қадамға Ұлыбритания тұрақтылығын сақтап қалу үшін барғандықтарын түсіндірген еді. Соңғы әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесіне қарағанда 8-ші маусымда өтетін сайлауда Тереза Мэй басқаратын Ұлыбритания Консервативтік партиясы жеңіске жететін тәрізді.

Дереккөз: Qazaqtimes.com

3 мамыр 2017, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.