Атырау, 17 маусым 20:18
 дождьВ Атырау +33.9
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Әлемде

Берлин: Калининградтағы зымырандар Еуропа қауіпсіздігіне қатер төндіреді Әлемде

Берлин: Калининградтағы зымырандар Еуропа қауіпсіздігіне қатер төндіреді

Мәскеудің Ресейдің Балтық теңізіндегі анклавы Калининградқа "Искандер" змырандарын тұрақты орнату туралы шешімі Еуропа қауіпсіздігі мәселесінде кері кетуді білдіреді деп мәлімдеді Германия сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль "Интерфакс" агенттігіне берген сұхбатында. 9 наурыз 2017, 14:28 2 000 рет қаралды
АҚШ: Бағдади Мосулдан кетіп, шөлде жасырынып жүрген болуы мүмкін Әлемде

АҚШ: Бағдади Мосулдан кетіп, шөлде жасырынып жүрген болуы мүмкін

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдади Мосулдағы тұрып жатқан базасынан қашып кетіп, артына қаланы бақылауға алу үшін соғысуға деңгейі төмен содырларды қалдырып кеткен деп хабарлады 8 наурызда АҚш және Ирак әскери шенеуніктері. 9 наурыз 2017, 12:09 2 332 рет қаралды
Кабулдегі әскери ауруханаға жасалған шабуыл құрбандары 30 адамға жетті Әлемде

Кабулдегі әскери ауруханаға жасалған шабуыл құрбандары 30 адамға жетті

Ауғанстан қорғаныс миинстрлігі 8 наурызда Кабулдағы әскери ауруханаға жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 30 адамға, жараланғандар 50 адамға жеткенін мәлімдеді. Шабуылды ауруханаға дәрігер киімін киіп кірген адамдар жасаған. Шабуыл жасапкершілігін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алды. Құрбандар арасында дәрігерлер, науқастар мен медициналық қызметкерлер бар. 9 наурыз 2017, 09:30 2 589 рет қаралды
Анкарада Ресей елшісінің қазасына байланысты бір ресейлік ұсталды Әлемде

Анкарада Ресей елшісінің қазасына байланысты бір ресейлік ұсталды

Ресейдің Түркиядағы елшісі болған Андрей Карловтың қазасына байланысты Анкарада ресейлік әйел ұсталды деп хабарлады түрік телеарнасы. Телеарна дерегінше, Екатерина Б. есімді 33 жастағы азамат былтыр қарашадан бастап Мевлют Алтынташпен араласып, Анкарадағы Ресей мәдени орталығына телефон соққан. 7 наурыз 2017, 09:51 1 930 рет қаралды
Трамп АҚШ-қа кіруді шектейтін жаңа жарлығын шығарды Әлемде

Трамп АҚШ-қа кіруді шектейтін жаңа жарлығын шығарды

АҚШ президенті Дональд Трамп ел аумағына мұсылмандар басым тұратын алты ел азаматтарының кіруіне уақытша тыйым салатын жарлығының жаңа нұсқасына қол қойды. Трамптың жеті ел азаматтарының кіруіне тыйым салатын алғашқы жарлығын федералдық судьялар тоқтатып тастаған болатын. Жаңа жарлықта 90 күнге дейін Иран, Сирия, Судан, Ливия, Сомали және Йемен азаматтарына виза беру тоқтатылатыны айтылған. Бұл елдердің ендігі виза алып қойған азаматтары АҚШ-қа кіре алады. 16 наурыздан бастап күшіне енетін жаңа жарлық босқындардың 120 күнге дейін АҚШ-қа кіруін тоқтатады, бірақ соңғы жарлықта сириялық босқындардың АҚШ-қа кіруіне шексіз мерзімге тыйым салынатыны айтылмаған. 7 наурыз 2017, 09:48 2 544 рет қаралды
Трамп конгрестен Обама әкімшілігінің "аңду әрекеттерін" тексеруді сұрады Әлемде

Трамп конгрестен Обама әкімшілігінің "аңду әрекеттерін" тексеруді сұрады

АҚШ президенті Дональд Трамп конгрестен бұрынғы президент Барак Обаманың әкімшілігі 2016 жылы президент сайлауы кампаниясы кезінде өзінің тергеу өкілеттілігін асыра пайдаланған жоқ па деген мәселені анықтауды сұрады. 4 наурызда Трамп Обаманы Нью-Йорктегі өзінің кеңсесіне аңду құрылғыларын орнатуға бұйрық берді деп айыптаған. Бірақ президент айыптауына дәлел ұсынбады. Обаманың өкілі Трамптың тұжырымын "жалған" деп жоққа шығарды. 6 наурыз 2017, 09:41 2 328 рет қаралды
Египет соты Мүбәрактан демонстранттар өліміне қатысты айыбын жойды Әлемде

Египет соты Мүбәрактан демонстранттар өліміне қатысты айыбын жойды

Египеттің апелляциялық соты бұрынғы президент Хосни Мүбәрактан 2011 жылы өз билігіне қарсы халық толқуы кезінде демонстранттардың өліміне қатысы бар деген айыпты жойды. Сот шешімі бойынша, 88 жастағы экс-президент таяуда бостандыққа шығуы мүмкін. Египетті 30 жыл билеп, 2011 жылы ақпанда биліктен кетірілген Мүбәрак 2012 жылы 18 күнге созылған толқуда жүздеген демонстранттың өліміне айыпты деп танылып, өмір бойы түрмеге жабылған. 3 наурыз 2017, 11:07 2 557 рет қаралды
Ұлыбритания парламенті brexit туралы заң жобасына өзгеріс енгізді Әлемде

Ұлыбритания парламенті brexit туралы заң жобасына өзгеріс енгізді

Ұлыбритания парламентінің лордтар палатасы елдің Еуропа Одағынан (ЕО) шығуын бастау туралы заң жобасына түзетулерді мақұлдады. Палата өкілдерінің көпшілігі оппозициялық Лейбористік партияның үкіметті Ұлыбритания территориясында тұратын ЕО азаматтарының құқықтарына кепілдік беруді міндеттейтін ұсынысын қолдады. Лейбористік партия үкіметті Ұлыбритания одақ құрамынан шыққан соң ел аумағында тұратын ЕО азаматтарының құқықтарына кепілдік беруді міндеттеуді ұсынған. 2 наурыз 2017, 12:00 3 374 рет қаралды
Трамп АҚШ-тың НАТО-ға адал болатынын нығарлай түсті Әлемде

Трамп АҚШ-тың НАТО-ға адал болатынын нығарлай түсті

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ны қолдайтынын мәлімдеп, бірақ оған мүше өзге елдердің альянс қорғанысына бөлетін қаржысын көбейтулері қажетін тағы ескертті. Бұл туралы ол 28 ақпанда конгресттің қос палатасының өкілдері алдында сөйлеген сөзінде айтты. 1 наурыз 2017, 11:21 2 660 рет қаралды
Түркия Венаны "жауапсыз қарым-қатынас" жасайды деп сынады Әлемде

Түркия Венаны "жауапсыз қарым-қатынас" жасайды деп сынады

Анкара Австрияны Түркияда президент Режеп Ердоғанның өкілеттігін күшейту жөніндегі референдум қарсаңында үгіт-насихат кампаниясына "жауапсыз қарады" және "қос стандартты ұстанады" деп сынады. Ердоған 16 сәуірге белгіленген референдум алдында Еуропа Одағының үлкен түрік диаспоралары тұратын бірнеше елінде үгіт-насихат кампаниясын өткізуді жоспарлап отыр. 28 ақпан 2017, 17:43 2 082 рет қаралды
АҚШ сенаторы Ресей елшілігі көшесін Немцов атымен атауды ұсынды Әлемде

АҚШ сенаторы Ресей елшілігі көшесін Немцов атымен атауды ұсынды

АҚШ сенаторы Марк Рубио Вашингтондағы Ресей елшілігі орналасқан көшені қастандықтан қаза тапқан ресейлік оппозицияшыл саясаткер Борис Немцовтың атымен атау туралы туралы заң жобасын ұсынды. 28 ақпан 2017, 11:05 1 976 рет қаралды
Путин мен Рахмон тәжік-ауған шекарасын бірге қорғауды күшейтуге келісті Әлемде

Путин мен Рахмон тәжік-ауған шекарасын бірге қорғауды күшейтуге келісті

Ресей президенті Владимир Путин мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон тәжік-ауған шекарасын бірлесе қорғауды күшейтуге уағдаласты. Путин Душанбеге 27 ақпанда Қазақстаннан барған. Рахмонмен кездесуден соң ол журналистерге Тәжікстанның Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік үшін "маңызды мемлекет" екенін мәлімдеді. Ресей президенті Рахмонмен келіссөзде "тәжік-ауған шекарасын және Ресейдің оңтүстік шекараларын бірлесе қорғау шараларын күшейтуге" келіскенін айтты. 28 ақпан 2017, 10:10 2 054 рет қаралды
ЕО Беларуське салған санкциясының мерзімін ұзартты Әлемде

ЕО Беларуське салған санкциясының мерзімін ұзартты

Еуропа Одағы (ЕО) Беларуське салған санкциясын бір жылға ұзартты. Санкция бойынша Беларуське қару-жарақ эмбаргосы салынып, 1999-2000 жылдары екі оппозиционердің, бизнесмен мен журналистің із-түзсіз жоғалып кетуіне қатысы бар деп саналатын төрт адамның активтері бұғауланып, олардың ЕО аумағына кіруіне тыйым салынған. 28 ақпан 2017, 10:08 2 365 рет қаралды
Oscar сыйлығының жеңімпаздары анықталды  Әлемде

Oscar сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Лос-Анджелестегі Dolby Theatre театрында "Оскар" жүлдесінің 89-шы марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімінің қорытындысы бойынша, "Үздік фильм" номинациясын "Лунный свет" картинасы жеңіп алды. Сондай-ақ, осы номинацияға "Ла-Ла Ленд", "Лев", "Любой ценой", "Манчестер у моря", "Ограды", "По соображениям совести", "Прибытие" және "Скрытые фигуры" фильмдері ұсынылған еді. 27 ақпан 2017, 09:56 2 714 рет қаралды
Роухани Иран президенті сайлауына тағы да түспек Әлемде

Роухани Иран президенті сайлауына тағы да түспек

Иран президенті Хассан Роуханидің өкілінің сөзіне қарағанда, Роухани 19 мамырда өтетін президент сайлауына кандидатурасын тағы ұсынады. Ұстамды саяси бағытты ұстанатын Роуханидің өзі әзірге президенттікке түсу ниетін растаған жоқ. Парламент істері бойынша вице-президент Хуссейн-Әли Амиридің хабарлауынша, "Роухани соңғы апталарда президент сайлауына түсу туралы шешім қабылдаған". Оның бұл туралы сөзін ресми IRNA агенттігі хабарлады. 27 ақпан 2017, 10:05 2 435 рет қаралды