Солтүстік Корея тағы бір баллистикалық зымыранын сәтті сынақтан өткізді деп хабарлайды КХДР KCNA (ЦТАК) ақпарат агенттігі.
Солтүстік Корея ресми ақпарат агенттігінің мәліметінше, қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыраны 787 шақырымға ұшып, 2111 шақырымдағы межелеген жерге жеткен. Оңтүстік Кореялық Ренхап ақпарат агенттігінің хабарлауынша, КХДР «Хвасон-12» зымыранын ұшырған.
Ал, РФ қорғаныс министрлігінің айтуынша, зымыран Ресей шекарасынан 500 шақырым жерден ұшып өтіп, Жапон теңізіне барып құлаған. Бұл жайында Ресей перзиденті Владимир Путин мен Қытай басшысы Ши Жинпиң сөйлесіп, өз алаңдаушылықтарын білдірген.
Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли, Ким Чен Ынды паранойямен ауырады деп мұқатқан. Естеріңізге салайық, бұған дейін Солтүстік Корея сәуір айында екі рет баллистикалық зымырандарын сәтсіз сынақтан өткізген болатын.
Дереккөз: qazaqtimes.com