Мұнай өндіруші елдер ұйымы (ОПЕК), Ресей мен мұнай өндіруші басқа да елдер бұған дейін 2017 жылдың алғашқы жартысында өндіріс көлемін тәулігіне 1,8 миллион баррельге дейін азайтуға және ол режимді ары қарайғы алты айға ұзарту мүмкіндігін қарастыруға келіскен. Өндіріс көлемін азайту мұнай бағасының көтерілуіне әсер еткен, дегенмен мұнай баррелінің бағасы Сауд Арабиясы көксеген 60 доллардан әлі де төмен.
"Біз келісімді ұзарту қажет деп таптық" деп мәлімдеді Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалих Пекинде Ресей энергетика министрі Александр Новакпен өткізген брифингте. Министрлер өндіріс көлемін қысқарту келісімі алты айға емес, тоғыз айға - 2018 жылдың наурызына дейін ұзартылуы тиіс екенін мәлімдеді.
Министрлердің мәлімдемесінен соң Brent маркалы мұнайдың баррелі 52,2 долларға көтерілді. Бұл - 26 сәуірден бергі ең жоғарғы баға. Ресей экономикасы мұнай газ экспортынан түсетін кіріске кәдімгідей тәуелді.
Дереккөз: Азаттық