Ширек ғасырға созылған жанжалды дипломатиялық жолмен шешу талпыныстарынан ерекше нәтиже шыға қойған жоқ. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі соққы нәтижесінде "Оса" зымыраннан қорғаныс жүйесі қирап, оған қызмет ететін әскерилердің қаза тапқанын хабарлады. Министрлік бақылау аймағы сызығының бойында зымыраннан қорғаныс жүйесін орнатудың арандату және әзербайжан ұшақтары үшін қауіпті екенін айтады.
Таулы Қарабақ билігі жүйеге зақым келгені туралы ақпаратты растады, бірақ адам шығыны болғанын жоққа шығарды. Таулы қарабақ билігі ресми комментариінде "арандатушылықтың жазасыз қалмайтынын" ескертті.
Дереккөз: Азаттық