Танымал басылым “The Wall Street Journal”-дың хабарлауына қарағанда, Путин Қытай астанасында журналистерге берген жауабында, бұл реткі әлемнің бірнеше елінде болған кибер шабуыл Ресеймен еш қатысы жоқ, қайнар көзі Америка Құрама Штаты деп кесетті. Сондай-ақ, бұл вирустардың Ресейдің желілік инфрақұрылымдарына ауыр зардабын тигізгенін айтып өтті.
Ал сарапшылардың көзқарасына назар аударсақ, олар бұл реткі кибер шабуыл Ресей компьютерлік инфрақұрылымдарының кемшіліктерін айқындап берген. Арнайы қауіпсіздік сарапшылары аталған кибер шабуылда пайдаланылған бағдарлама АҚШ-тың Мемлекеттік қауіпсіздік департаментінен ұрланған бағдарлама болып табылады. Ол Microsoft компаниясының шабуылға қарсы пайдаланатын Windows Қауіпсіздік жүйесінің осалдығынан келіп шыққан деп отыр. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі бұл туралы түсінік беруден бас тартты.
Дереккөз: qazaqtimes.com