Атырау, 8 қазан 20:59
 дождьВ Атырау +17.6
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

Мәскеуде Усмановтың Навальныйға қарсы шағымы бойынша сот өтіп жатыр Әлемде

Мәскеуде Усмановтың Навальныйға қарсы шағымы бойынша сот өтіп жатыр

Бүгін Мәскеудің Люблинск аудандық сотында миллиардер Алишер Усмановтың ресейлік оппозицияшыл саясаткер Алексей Навальныйге қатысты шағымы қарала бастады. Усманов шағымын Навальный басқаратын Коррупциямен күрес қорының (ККҚ) өзін пара берді деп айыптаған есебіне қатысты түсірген. 30 мамыр 2017, 15:39 2 913 рет қаралды
Макрон: Russia Today мен Sputnik жалған ақпарат таратты Әлемде

Макрон: Russia Today мен Sputnik жалған ақпарат таратты

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейдің мемлекеттік Russia Today телеарнасы мен Sputnik агенттігін мамырда өткен президент сайлауында өзіне қатысты "жалған ақпарат таратып, пропаганда жасады" деп айыптады. Ресей президенті Владимир Путинмен өткізген баспасөз конференциясында Макрон бұл БАҚ-тар "ықпал ету және пропаганда органдары" болғанын және "өздерін үкімет құрылымдары сияқты ұстайтынын" айтты. 30 мамыр 2017, 10:33 2 017 рет қаралды
Түркіменстанда «гүленшілерге» қатысы бар делінген елуден астам адам ұсталды Әлемде

Түркіменстанда «гүленшілерге» қатысы бар делінген елуден астам адам ұсталды

Түркіменстанның Лебап облысында соңғы бір айда «гүлендік қозғалысқа» қатысы бар делінген елуден астам адам тұтқынға алынған. Түркіменстанның құқық қорғау органдарындағы дереккөз арнайы қызмет сәуір айының аяғында аймақтарда ірі рейд жүргізді дейді. 30 мамыр 2017, 10:21 2 763 рет қаралды
АҚШ Қорғаныс министрі: Солтүстік Корея соғысы көп елге шығын әкелетін ауыр апат Әлемде

АҚШ Қорғаныс министрі: Солтүстік Корея соғысы көп елге шығын әкелетін ауыр апат

АҚШ Қорғаныс министрлігінің басшысы Джеймс Мэттис Солтүстік Кореямен соғыс басталған жағдайда, бұл соғыстың зардабы барлық аймақтарға әсер етеді деді. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметі ресми сайты хабарлап отыр. 30 мамыр 2017, 10:15 3 060 рет қаралды
АҚШ зымыран сынағына жауап беру үшін Корей түбегіне үшінші авиаматкасын жіберді  Әлемде

АҚШ зымыран сынағына жауап беру үшін Корей түбегіне үшінші авиаматкасын жіберді

Осыған дейін АҚШ-тың ұшақ тасымалдағыш екі алып кемесі Тынық мұхитының батыс жағалауында жүргені мәлім еді. Аты шулы «Карл Винсон» авиаматкасы туралы бүкіл әлемдік ақпарат көздері жақсы білсе керек. 30 мамыр 2017, 10:10 2 243 рет қаралды
Молдова Ресейдің бес дипломатын елден шығарды Әлемде

Молдова Ресейдің бес дипломатын елден шығарды

Ресейдің Молдовадағы елшісі Фарит Мухаметшиннің сөзіне қарағанда, молдова билігі Ресей дипломатиялық өкілдігінің бес қызметкерін елден шығарған. Елшінің мәлімдеуінше, дипломаттар персона нон грата деп жарияланып, оларға Мәскеуден бір тәулік ішінде кету талап етілген. Молдованың ресейшіл президенті Игорь Додон еуропашыл саясатты ұстанатын үкіметтің бұл әрекетін айыптады. Додон Facebook-тегі парақшасында "Үкімет Ресейге қатысты ерсі әрекет жасады" деп жазды. 30 мамыр 2017, 10:04 2 466 рет қаралды
Мәскеуде дауылдан кем дегенде 11 адам қаза тапты Әлемде

Мәскеуде дауылдан кем дегенде 11 адам қаза тапты

Мәскеуде кенеттен қатты дауыл тұрып, салдарынан 11 адам қаза тапты, ондаған адам жараланды. "Мұндай қайғылы оқиға бұрын-соңды болмаған. Дауыл күндіз болды, сондықтан осыншама адам зардап шекті" деді Мәскеу мэрі Сергей Собянин. Оның сөзінше, дауылдан 70-ке тарта адам зардап шеккен. 30 мамыр 2017, 09:52 2 226 рет қаралды
Ресей өзінің алғашқы жолаушылар ұшағын сынақтан өткізді Әлемде

Ресей өзінің алғашқы жолаушылар ұшағын сынақтан өткізді

Ресей орта қашықтыққа ұшуға арналған, MC-21-300 деп аталатын алғашқы жолаушылар ұшағын сынақтан өткізді. Ресейдің совет одағынан бері жасап шығарған алғашқы ұшағы 28 мамырда сынақ ретінде ұшырылды. MC-21-300 Батыс елдерінің ұшақтарына бәсекелес болуы әбден мүмкін. 29 мамыр 2017, 13:44 1 989 рет қаралды
Солтүстік Кореяның тағы да зымыран ұшырғаны хабарланды Әлемде

Солтүстік Кореяның тағы да зымыран ұшырғаны хабарланды

Оңтүстік Корея билігі Солтүстік Корея тағы бір баллистикалық зымыран ұшырған болуы мүмкін екенн мәлімдеді. Оңтүстік Корея президенті Мун Джэин зымыран ұшырылғанын талқылау үшін ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізуге шақырғаны хабарланды. Зымыран Солтүстік Кореяның Вонсан қаласынан шығыс бағытқа қарай ұшырылған. 29 мамыр 2017, 10:25 2 952 рет қаралды
Сицилияда "Үлкен жетілік" елдерінің саммиті басталады Әлемде

Сицилияда "Үлкен жетілік" елдерінің саммиті басталады

Бүгін Италияның Сицилия аралындағы Таормина қаласында "Үлкен жетілік" елдерінің екі күндік саммиті басталады. Саммитке АҚШ президенті Дональд Трамп қатысады. Саммитте оған қатысатын өзге елдердің басшылары Трамптан оның сауда және климаттың өзгеруіне қатысты ұстанымын сұрайды деп болжанып отыр. 26 мамыр 2017, 15:38 3 638 рет қаралды
Савченко: Билік саяси қозғалысымды тіркемей отыр Әлемде

Савченко: Билік саяси қозғалысымды тіркемей отыр

Украиналық бұрынғы ұшқыш Надежда Савченко Украина әділет министрлігі өзінің жаңа саяси қозғалысын тіркеу өтінішін орындамай отырғанын мәлімдеді. Савченко бұл туралы 25 мамыр күні - Ресей түрмесінде екі жыл отырып, тұтқын алмасу келісімі бойынша босатылғаннан тура бір жылдан соң өткізген баспасөз конференциясында айтты. Ол бірнеше күн бұрын польшалық басылымға берген сұхбатында "елі үшін жауапкершілікті мойынға алуға және 2019 жылы өтетін президент сайлауына түсуге әзір" екенін мәлімдеген. 26 мамыр 2017, 11:53 2 319 рет қаралды
АҚШ-тың әскери құпиясын жайып салғаны үшін Трампқа тықыр таянды  Әлемде

АҚШ-тың әскери құпиясын жайып салғаны үшін Трампқа тықыр таянды

Кешегі АҚШ президенті мен Филиппин президенті арасындағы телефонда сөйлесу естелігі жарияланып, АҚШ-тың маңызды әскери құпиялығы әшкереленді деген ақпарат бүгін де әлемдік бақты дүрбелеңге салып отыр. АҚШ-тың жат түгілі жақынына бергісіз құпия мәліметті президент Трамп шай үстіндегі әңгімедей айтып салған. Бұл америкалық БАҚ-ты ашуландырып, шетелдік БАҚ-ты таңқалдырды.  26 мамыр 2017, 10:42 3 443 рет қаралды
Мұнай өндіру көлемін азайту туралы халықаралық келісім мерзімі ұзарды Әлемде

Мұнай өндіру көлемін азайту туралы халықаралық келісім мерзімі ұзарды

ОПЕК-ке мүше елдер мен бұл ұйым қатарында жоқ басқа да мемлекеттер, оның ішінде Ресей әлемдік нарықта мұнай бағасын көтеру үшін тағы тоғыз ай бойы өндіру көлемін азайтуға келісті. Мұндай шешім Венадағы кездесуде қабылданды. Бұған дейін жасалған күндік өндіріс көлемін 1,8 миллион баррельге азайту келісімі келесі жылдың наурызына дейін күшінде қалады. Бұған дейінгі келісім күші 30 маусымға дейін ғана жарамды болған. 26 мамыр 2017, 10:24 2 527 рет қаралды
Ақ үй Трамптың Черногория премьерін итеріп жіберген жағдайды түсіндірді Әлемде

Ақ үй Трамптың Черногория премьерін итеріп жіберген жағдайды түсіндірді

Ақ үйдің ресми өкілі Шон Спайсер НАТО-ның Брюсселдегі штаб-пәтерінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Черногория премьер-министрі Душко Маркович арасында болған жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.  Бейнежазба 26 мамыр 2017, 09:52 2 839 рет қаралды
Сот Мессиді 21 айға түрмеге қамау туралы үкім шығарды  Әлемде

Сот Мессиді 21 айға түрмеге қамау туралы үкім шығарды

Испанияның Жоғарғы соты Аргентина құрамасы мен испаниялық "Барселона" клубының 29 жастағы шабуылшысы Лионель Мессиге айыптау үкімін шығарды. Бұл туралы Football Espana Twitter парақшасы жазды. 25 мамыр 2017, 10:43 3 149 рет қаралды
Жарылыс болған Манчестерде тағы да жарылғыш заттар табылып жатыр Әлемде

Жарылыс болған Манчестерде тағы да жарылғыш заттар табылып жатыр

Манчестер полициясы мен Ұлыбританияның Mi5 Қауіпсіздік қызметіндегілер ел аумағында кейінірек қолданылуы мүмкін болған жарылғыш затты тапты. Сондай-ақ, әскери қызметкерлер бір бомбаны жойды, - деп хабарлайды Lenta.ru The Independent басылымына сілтеме жасап. 25 мамыр 2017, 10:39 3 194 рет қаралды