Атырау, 28 қараша 05:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мәскеуде Усмановтың Навальныйға қарсы шағымы бойынша сот өтіп жатыр

2 681 просмотра


Бүгін Мәскеудің Люблинск аудандық сотында миллиардер Алишер Усмановтың ресейлік оппозицияшыл саясаткер Алексей Навальныйге қатысты шағымы қарала бастады. Усманов шағымын Навальный басқаратын Коррупциямен күрес қорының (ККҚ) өзін пара берді деп айыптаған есебіне қатысты түсірген.

Навальныйдың адвокаты Иван Жданов соттан іске куігер ретінде Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевті шақыртуды сұраған. Жданов Усмановтың шағым түсіруіне оның Медведевпен бір курста оқыған Илья Елисеевтің "Соцгоспроект" қорына жер телімін бергені туралы сюжет себеп болды дейді.

Навальныйдың қорғаушысы сонымен қатар іс бойынша өндірісті тоқтатуға өтініш берген, бірақ судья одан бас тартты. Судья бұған қоса Навальный мен Усмановтың адвокаттары бірдей сұрағанына қарамастан сот залынан видеоға түсіруге де тыйым салды.

Усманов пен Навальный бұған дейін бірін-бірі айыптайтын үндеу жариялап, Мәскеу сотының жала жабу ісі бойынша бітімге келу ұсынысын қабылдамаған.

Дереккөз: Азаттық

30 мамыр 2017, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.