Атырау, 28 қараша 05:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тәжікстан билігі азаматтарына Ресейге бармай қоя тұруға кеңес берді

1 801 просмотра


Тәжікстанның еңбек және миграция министрлігі ел азаматтарынан 12 шілдеге дейін Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан және Сочи қалаларына бармауын сұрады.

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін 2017 жылы футболдан Конфедерация кубогы және 2018 жылы әлем чемпионаты өтетін кезеңдегі ерекше қауіпсіздік шаралары туралы жарлық шығарған. Оған сәйкес, 1 маусым мен 12 шілде аралығында аталған төрт қалада шетелдік азаматтарды тіркеу тәртібі қатаңдайды.

Тәжікстанның еңбек және миграция министрлігінің өкілі Усмонали Латифи бұл еңбек мигранттарына ғана емес, 24 сағат ішінде тіркелуге мүмкіндігі жоқ барлық азаматтарға қатысты дейді.

Оның сөзінше, 2013 жылдан бері Тәжікстан азаматтарын 15 күнге дейін тіркелуден босататын қаулы бар. "Бірақ Ресей президентінің жарлығы осыған дейінгі тіркеу тәртібінің күшін жояды. Жарлықтың екі азаматтығы барларға және заңды түрде жұмыс істеп жатқан мигранттарға қатысы жоқ" дейді Латифи.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Мәскеудің құқық қорғау органдары заңсыз мигранттарды "тазалау" шараларын бастап кеткен. Полиция қызметкерлері вокзалдарда, базарларда, құрылыс және жатақханаларда рейд жүргізіп жатыр.

Дереккөз: Азаттық

30 мамыр 2017, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.