Атырау, 28 қараша 05:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

НАТО ДАИШ-пен бетпе-бет соғыса алмайтынын айтты

1 353 просмотра


НАТО Брюссельдегі отырыстан кейін әлемдік террорлық топ ДАИШ-пен күресуге шешім қабылдады. Алайда, тікелей майдан даласына бармайтын болып шешті. 

Бұны ұйымның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Брюссельдегі жиналыстан кейінгі баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

Түрік баспасөздерінің хабарына қарағанда, НАТО Бас хатшысы мәлімдемесінде: ДАИШ-қа қарсы тұру халықаралық бірлестігіне қолдау білдіріп, шарлаушы ұшақтарды көптеп шығарады. Барлау-анықтау қызметтерінде бірлестікке көмек көрсетеді. Алайда, тікелей әскери әрекеттер алып бармайтынын айтқан. 

Ол сөзінде: «НАТО халықаралық бірлестікке мүше болады. Бұл біздің тікелей араласады деген сөз емес, алайда, жаһандық терроризмге қарсы тұруды қолдау мақсатына үн қосу үшін бұл шешімге келдік» деді. Бұл реткі Брюссельдегі мәжілістен кейін НАТО-ға мүше елдердің қаржы бөлуі тең күйде жүрілетін болып шешілді. Трамп АҚШ билігіне келе салып осы ұсынысты ортаға қойған болатын. Бұл жолы мәжілісте АҚШ президенті де келіп қатысты. Одаққа мүше елдер бұдан кейін теңдей ортақ қаржы қосады. 

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

29 мамыр 2017, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.