Атырау, 28 қараша 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мәскеуде дауылдан кем дегенде 11 адам қаза тапты

2 018 просмотра


Мәскеуде кенеттен қатты дауыл тұрып, салдарынан 11 адам қаза тапты, ондаған адам жараланды. "Мұндай қайғылы оқиға бұрын-соңды болмаған. Дауыл күндіз болды, сондықтан осыншама адам зардап шекті" деді Мәскеу мэрі Сергей Собянин. Оның сөзінше, дауылдан 70-ке тарта адам зардап шеккен.

Мәскеуде дауыл түстен кейін тұрып, электр қуатын тарату желілерін істен шығарды. Салдарынан 7300-ге тарта адам электр қуатынсыз қалды. Собяниннің сөзіне қарағанда, сағатына 110 километр жылдамдықпен соққан жел 3,5 мыңнан астам ағашты тамырымен қопарып тастаған. Дауыл сонымен қатар ттранспорт қозғалысына, әсіресе теміржол қатынасына да кері әсер еткен.

Мәскеуде соңғы 20 жылда жуық уақытта мұндай бір күндік табиғи апат болмаған. 1998 жылы болған дауылдан да 11 адам қаза тапқан.

Дереккөз: Азаттық

30 мамыр 2017, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.