Атырау, 8 қазан 20:59
 дождьВ Атырау +17.6
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Әлемде

Тиллерсон араб елдерін бірлікке шақырды Әлемде

Тиллерсон араб елдерін бірлікке шақырды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Катармен дипломатиялық байланысын үзген Парсы шығанағындағы араб елдерін бірлікке шақырды. Тиллерсон бірқатар араб елдерінің бұл қадамын "күтпеген жағдай" деп бағалады. 6 маусым 2017, 11:29 1 866 рет қаралды
БАҚ: Ресей АҚШ сайлау жүйесін бұзып кірмек болған Әлемде

БАҚ: Ресей АҚШ сайлау жүйесін бұзып кірмек болған

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) баспасөзге мәлім болған құпия құжатына қарағанда, Ресей қорғаныс министрлігі барлау органының хакерлері АҚШ-та былтыр өткен президент сайлауының қарсаңында америкалық дауыс беру жүйесін бұзып кірмек болған. Бұл ақпарат 5 маусым күні Intercept сайтында жарияланып кеткен соң АҚШ әділет министрлігі Ұлттық қауіпсіздік агенттігі мердігер ұйымының қызметкері "құпия ақпаратты ақпараттық интернет басылымына" берді деген айыппен ұсталғанын хабарлады. 6 маусым 2017, 10:22 2 829 рет қаралды
Катар "әл-Каидамен" байланысы бар ұйымға миллиард доллар құн төлеген - БАҚ  Әлемде

Катар "әл-Каидамен" байланысы бар ұйымға миллиард доллар құн төлеген - БАҚ

Катар Иракта ұрланған корольдік отбасының мүшелерін босатып алу үшін бір миллиард доллар құн төлеген, - деп жазады Financial Times басылымы өз дереккөзіне сілтеме жасап. 6 маусым 2017, 10:15 2 343 рет қаралды
Путин әлем сынға алған Трамптың шешімін қолдап шықты  Әлемде

Путин әлем сынға алған Трамптың шешімін қолдап шықты

Әлем елдері басшылары қатаң сынға алған АҚШ президентінің "Париж Климат келісімінен" бас тарту шешімін, Ресей басшысы қолдап отыр. Тіпті Путин Трамптың бұл шешімі ешбір таңғаларлық шешім емес деп санайды. 5 маусым 2017, 09:58 3 008 рет қаралды
АҚШ-тың 20 штаты мен екі ірі қаласы Трамп үкіметіне тәуелсіздігін жариялады Әлемде

АҚШ-тың 20 штаты мен екі ірі қаласы Трамп үкіметіне тәуелсіздігін жариялады

АҚШ-тың көптеген штаттары Федералдық үкіметтен тәуелсіз саясат ұстанатындарын жария етте. АҚШ президенті Дональд Трамп «Париж климат келісімінен» бас тарту шешімін қабылдауынан бір күннен кейін, Американың көптеген штаттары мен қалалары Федералдық үкіметтің климат саясатынан тәуелсіз, өздерінің орта қорғау ұстанымдарында берік тұратындықтарын жария етті. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр. 5 маусым 2017, 09:37 7 240 рет қаралды
Лондондағы шабуылдардан кемінде алты адам қаза тапқан Әлемде

Лондондағы шабуылдардан кемінде алты адам қаза тапқан

Жексенбіге қараған түні Лондон орталығында жасалған екі шабуылдан кемінде алты адам қаза тауып, ондаған адам зардап шеккен. Полиция шабуылдарға күдікті үш адамды атып өлтірген. Бұл туралы британ полициясына сілтеме жасап халықаралық агенттіктер хабарлады. 4 маусым 2017, 12:54 2 828 рет қаралды
Киевте Путинге "қастық жасамақ болды" деп айыпталған Осмаев жараланды Әлемде

Киевте Путинге "қастық жасамақ болды" деп айыпталған Осмаев жараланды

Киевте Шешенстаннан шыққан, Мәскеу бес жыл бұрын Ресейдің сол кездегі премьері болған Владимир Путинге қастандық жасамақ болды деп айыптаған Адам Осмаевқа қастандық жасалды. 2 маусым 2017, 16:14 2 233 рет қаралды
Путин ресейлік хакерлерді «патриот» деп ақтады Әлемде

Путин ресейлік хакерлерді «патриот» деп ақтады

Санкт-Петербургтегі  Инвестициялық Конференцияға қатысқан Ресей президенті Владимир Путин халықаралық медиаға берген жауабында, Ресей мен АҚШ және өзге елдер арасындағы шиеленістің себебінен желілік шабуылдар күшейіп отырғанын айтты.  2 маусым 2017, 11:37 3 174 рет қаралды
Германия Кабулдегі шабуылдан соң ауған босқындарын депортациялауды тоқтатты Әлемде

Германия Кабулдегі шабуылдан соң ауған босқындарын депортациялауды тоқтатты

Германия Кабулда 31 мамырда болған жойқын шабуылдан соң босқын мәртебесін беруден бас тартқан ауғандықтарды Ауғанстанға депортациялауды уақытша тоқтатты. Германия канцлері Ангела Меркель 1 маусымда депортациялау процесі сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы қазіргі жағдайды талдап, Кабулдағы герман елшілігі жұмысын қайта бастағанға дейін қайта жанданбайтынын мәлімдеді. Меркельдің сөзінше, аталған жұмыстар шілдеден ерте аяқталмақ емес. 2 маусым 2017, 10:50 2 211 рет қаралды
Манилада шабуыл жасалған казинодан 34 адамның мәйіті табылды Әлемде

Манилада шабуыл жасалған казинодан 34 адамның мәйіті табылды

Филиппин астанасы Манилада қарулы ер адам басып кіріп, полициямен атыстан соң өз-өзін өртеген казинода 34 адамның мәйіті табылды. Филиппин полициясының хабарлауынша, құрбандар шабуылдаған адам полициямен атыс кезінде казино өртеніп жатқанда иіс тиіп өлген болуы мүмкін. Бейнежазба 2 маусым 2017, 10:05 2 928 рет қаралды
Украина шығысында уақытша бітім жарияланды Әлемде

Украина шығысында уақытша бітім жарияланды

Украина шығысындағы қақтығыс аймағында 1 маусымнан бастап кезекті бітім күшіне енді. Бітім бір тәулік күшінде болады. Украина шығысындағы арнайы операция штабының мәлімдеуінше, кеше украиналық әскерилерге қару-жарақ пен оқ-дәрінің барлық түрін қолдануға тыйым салынған. Дегенмен, егер Ресей қолдайтын сепаратистер тарапынан оқ атылғандай болса, әскерилер қару қолдануға дайын болады. 1 маусым 2017, 14:46 2 452 рет қаралды
Түркияда әскери тікұшақ апат болып, 13 адам қаза тапты Әлемде

Түркияда әскери тікұшақ апат болып, 13 адам қаза тапты

Түркияның Иракпен шекаралас провинциясында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, бортында болған 13 адам түгел қаза тапты деп хабарлады түрік әскерилері. Тікұшақ Түркия күрд жасақтарына қарсы операция жүргізіп жатқан Ширнак провинциясында құлаған. Әскерилердің мәлімдеуінше, AS 532AL Cougar тікұшағы Сеноб ауданындағы әуе базасынан ұшып шыққан соң жоғары кернеулі электр желісімен ілініскен. 1 маусым 2017, 14:18 3 018 рет қаралды
"Талибан" Кабулдағы шабуылға қатысы барын жоққа шығарды Әлемде

"Талибан" Кабулдағы шабуылға қатысы барын жоққа шығарды

Кабулда дипломатиялық өкілдіктер орналасқан ауданда бомба орнатылған көлік жарылып, кем дегенде 90 адам қаза тапқанына бір тәуліктен астам уақыт өтсе де бір де бір топ шабуыл жауапкершілігін мойнына алмады. 1 маусым 2017, 12:41 1 981 рет қаралды
Путин: АҚШ бюрократиясы өзгерістерді болдырмай отыр Әлемде

Путин: АҚШ бюрократиясы өзгерістерді болдырмай отыр

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың бюрократиялық қысым тым қатты болғандықтан жаңа идеяларды ұсынуы өте қиын екенін мәлімдеді. Бірақ ол Трамп әкімшілігімен келісім жасасу мүмкіншіліктері туып қалады деген үмітте. Путин француздың Le Figaro газетіне берген сұхбатында "АҚШ-тың бірнеше президентімен сөйлестім - президенттер келеді, кетеді, бірақ АҚШ саясаты өзгермейді. Неге екенін білесіз бе? Себебі бюрократия билігі өте күшті" деді Путин. 31 мамыр 2017, 11:47 2 877 рет қаралды
Солтүстік Кореяның бір реткі зымыран сынағы үшін АҚШ-тың берген үш жауабы  Әлемде

Солтүстік Кореяның бір реткі зымыран сынағы үшін АҚШ-тың берген үш жауабы

Дүйсенбі күні Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынағынан кейін, АҚШ әуе күштерінің B-1B бомбалаушы ұшағы АҚШ-Корея бірлескен әскери оқу-жаттығуға келіп қатысты. 31 мамыр 2017, 11:07 3 899 рет қаралды