Атырау, 28 қараша 07:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Путин АҚШ-тың сайлау жүйесін өзгерту керектігін айтты

2 561 просмотра

Фото: Vse42 - VSE42.Ru
Ресей Президенті: «АҚШ басқа елдердің ішкі ісіне араласуды доғарып, оның орнына өзінің сайлау жүйесін өзгертуі тиіс»,-деді. Бұл туралы "Фарс" баспасөзі жариялады. 

Ресей Президенті Владимир Путин жексенбі күні NBC News телеарнасына берген сұхбатында: «АҚШ-тың сайлау жүйесі өзгертіліп, ел президенті халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайлануы үшін жағдай жасалғаны дұрыс. Сонда тікелей дауыс беріп, дауысты санау жеңілдетіліп, сайлауды бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік туындайды. Президенттер ауысады. Партиялар арасында билік алмасады, алайда мемлекеттердің саясатының негізгі өзегі өзгермейді. Сондықтан Мәскеу үшін АҚШ-та кімнің билік басына келетіндігі маңызды емес»,-деп қуаттады.

Владимир Путин, сондай-ақ, Ресейдің АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласқаны туралы айыптарды тағы да теріске шығарып: «Сайлауда жеңіліс тапқан адамдар басқаларды өздерінің қиындықтарына кінәлі санамауы тиіс. АҚШ-тың өзі бүкіл әлемде басқа елдердің сайлауларына белсенді түрде араласады»,-деді.

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

6 маусым 2017, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.