«Спутник» ақпарат агенттігі Ресей Қорғаныс министрлігі осы ел армиясы теңіз күштерінің сәрсенбі күні Жерорта теңізінде орналасқан «Адмирал Эссен» кемесі мен «Краснодар» сүңгуір қайығынан Сүрияның Пальмира тарихи қаласындағы ДАИШ-тың позицияларына 4 қанатты зымыран атқанын хабарлады.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі бойынша, зымыранмен нысанаға алынған бекіністер мен ауыр қару-жарақ қоймасы талқандалып, Ракка қаласынан аттанған содырлардың көзі жойылды.
Ресей 2015 жылдың қыркүйек-қазан айларынан бері Сүрия үкіметімен лаңкестікке қарсы әріптестік аясында Латакия облысындағы Хамимде орналасқан өзінің әуе-ғарыш бөлімшесін пайдаланумен қоса, кемелер, сүңгуір қайықтар мен бомбалаушы ұшақтарды қолданып, Сүрияға қарсы лаңкестердің, соның ішінде ДАИШ пен ән-Носрат майданының позицияларын бомбалауда. Бұл лаңкестердің ілгерілеуінің тоқтатылып, олардың үсті-үстіне жеңіліс табуына себеп болуда.
Дереккөз: qazaqtimes.com