Атырау, 28 қараша 07:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Путин ресейлік хакерлерді «патриот» деп ақтады

2 907 просмотра

Фото: The Wall Street Journal
Санкт-Петербургтегі  Инвестициялық Конференцияға қатысқан Ресей президенті Владимир Путин халықаралық медиаға берген жауабында, Ресей мен АҚШ және өзге елдер арасындағы шиеленістің себебінен желілік шабуылдар күшейіп отырғанын айтты. 

Соның арасында Ресейдің патриот хакерлерінің де тұрғанын айта келіп, желілік шабуылдар жасады деген көптеген айтылымдардың бәрі де Ресейге жабылған жалалар екенін айтты. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.

Путин ресейлік хакерлерді патриоттық сезіммен желілік шабуылдарға тойтарыс беріп отыр деп ақтады. Олар Ресейге жазықсыз жала жапқаннан кейін заңды түрде жауап берді деді. Бірақ, бұл "отансүйгіш хакерлерді" Кремль тарапы үкіметтік деңгейде желілік шабуылға ұйымдастырған жоқ деді. 

Конференциядағы шетел журналистері Ресейдің «патриот хакерлері» алдағы уақытта Германияда өтетін сайлауға араласуы мүмкін бе деген сұрақ қойды.

Путин: «Кибер шабуылшылар кез-келген технологиялардың көмегіне сүйенуі мүмкін. Бірақ біз үкімет тарапынан ондай нұсқаулар мен қолдаулар білдірмейміз», – деді. 

АҚШ Қорғаныс департаменті осыған дейін Ресейдің кибер шабуылшылары 2016 жылғы АҚШ президент сайлауына кедергі келтірді деп келді. Алайда, Кремль тарабы бұл айтылғандарды жоққа шығарып келеді. Ал, АҚШ қорғаныс департаменті мен Федералдық және Орталық барлау басқармасы Ресейдің сайлауға араласқаны туралы тексеруді бастап кетті. Бұл мәселе Трамп таққа шыққаннан кейін де екі ел арасындағы қарым-қатынастың салқындығына себеп болып келеді.

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

2 маусым 2017, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.