Reuters және France Press агенттіктерінің хабарлауынша, бұл туралы хабарлама Amaq ақпараттық сайтында жарияланған. 2014 жылы ашылған бұл сайт ИМ-нің ақпараттық ресурсы саналады. Содырлар бұл сайт арқылы әлемде жасалған 10-нан астам шабуылдың жауапкершілігін мойнына алған.
4 маусымда британ полициясы Лондонның шығыс жағында 3 маусым күні болған шабуылға қатысты 12 адамның ұсталғанын хабарлаған. 3 маусым күні кешке белгісіз үш адам әуелі көлігімен Лондон көпірі үстінде кетіп бара жатқан жаяу адамдарды басып өтіп, кейін екі мейрамхана жанында көшедегі жұртқа пышақпен шабуылдаған. Арада сегіз минуттай уақыт өткенде полиция күдіктілердің үшеуін де атып өлтірген. Түн ортасына қарай саперлер шабуыл болған жерде табылған күдікті заттарды бірнеше арнайы жарылыстың көмегімен залалсыздандырған.
Дереккөз: Азаттық