Филиппин астанасы Манилада қарулы ер адам басып кіріп, полициямен атыстан соң өз-өзін өртеген казинода 34 адамның мәйіті табылды. Филиппин полициясының хабарлауынша, құрбандар шабуылдаған адам полициямен атыс кезінде казино өртеніп жатқанда иіс тиіп өлген болуы мүмкін.
Полицияның мәліметінше, қарулы адам Resorts World казиносын тонамақ болған және оқиғаның терроризмге қатысы жоқ. Полиция басшысы жергілікті радиоға атыс жасаған адам казинода полициямен бірнеше сағаттық егес кезінде жалғыз өзі әрекет еткенін және басқа адамдарға оқ атпағанын хабарлады.
Алдын ала болжам бойынша, ол казиноның ақшасын тонамақ болған. 2 маусым күні таңертең шабуыл жасаған адамның өлі денесі Манило әуежайына жақын қонақүй бөлмелерінің бірінен табылды. Полиция оның үстіне бензин құйып, өз-өзін өртегенін айтады. Шабуылдаушының полициямен атысы кезінде кем дегенде 54 адам жараланды, олардың кейбірі кешеннен сытылып шықпақ болғанда ауыр жараланған.
Дереккөз: Азаттық