Атырау, 17 маусым 20:18
 дождьВ Атырау +33.9
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Әлемде

Трамп пен Меркель алғаш рет кездесті Әлемде

Трамп пен Меркель алғаш рет кездесті

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуден кейін өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында Германия мен Францияға Украинаның шығысындағы жанжалды реттеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Ол сонымен бірге Германия канцлеріне АҚШ-тың НАТО ұйымына адалдығынан айнымайтындығына сендірді. 18 наурыз 2017, 11:58 2 747 рет қаралды
ЕО-да өткен жылы босқандар саны сәл азайды Әлемде

ЕО-да өткен жылы босқандар саны сәл азайды

Өткен жылы Еуропа Одағы (ЕО) елдерінде бірінші рет пана сұраған 1,2 миллионнан астам адам тіркелді. Eurostat статистика агенттігінің мәліметтерінше, олардың көпшілігі - Сирия, Ауғанстан және Ирак азаматтары. Босқындар саны 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 50 мыңға азайған, бірақ 2014 жылы тіркелген 563 мыңға жуық адамнан әлдеқайда көп. 17 наурыз 2017, 10:43 2 565 рет қаралды
Францияда мектептегі атыстан соң бір жасөспірім ұсталды Әлемде

Францияда мектептегі атыстан соң бір жасөспірім ұсталды

Францияның Грасе қаласында 16 наурызда мектептегі атыстан екі адам жараланып, бір жасөспірім ұсталды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, екі оқушы мұғалімдеріне оқ атқан. Олардың бірі ұсталған, екіншісі қашып жүр. Бұл оқиғаға байланысты қалада террористік қауіп-қатер тәртібі жағдайы жарияланып, мектепке арнайы жасақ сарбаздары жөнелтілді. 17 наурыз 2017, 10:38 2 210 рет қаралды
Еуроодақ Facebook, Google және Twitter желілеріне айыппұл салатыны туралы ескертті  Әлемде

Еуроодақ Facebook, Google және Twitter желілеріне айыппұл салатыны туралы ескертті

Еуроодақ билігі Facebook, Google және Twitter желілеріне өз қызметтерін еуропалық стандарттарға сәйкестіндіру үшін бір ай уақыт берді. Егер мұндай болмаған жағдайда компанияларға айыппұл салынады, - деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап. 17 наурыз 2017, 10:20 2 019 рет қаралды
БҰҰ Донбаста қаза тапқандар саны туралы жаңа есебін жариялады Әлемде

БҰҰ Донбаста қаза тапқандар саны туралы жаңа есебін жариялады

Украина шығысында үкімет күштері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасныда соғыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері 10 мыңға жетеғабыл адам қаза тапты. Бұл туралы БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының жаңа есебінде айтылады. БҰҰ мәліметінше, 2014 жылғы сәуірдің ортасынан 2017 жылдың 12 наурызына дейін 9940 адам қаза тауып, 23455 адам жараланған. 16 наурыз 2017, 10:51 3 029 рет қаралды
Путин Оңтүстік Осетия әскерінің Ресей армиясына қосылуын мақұлдады Әлемде

Путин Оңтүстік Осетия әскерінің Ресей армиясына қосылуын мақұлдады

Ресей президенті Владимир Путин үкіметке Грузиядан бөлініп кеткен Оңтүстік Осетия аймағымен аймақтың қарулы күштерінің Ресей армиясы құрамына қосылуына мүмкіндік беретін келісім жасауға бұйрық берді. Ресей іс жүзінде Оңтүстік Осетияны бірнеше жылдан бері бақылауда ұстап келеді. Дегенмен, ресми Мәскеу бұл аймақты жеке мемлекет санап келген. 15 наурыз 2017, 09:58 3 080 рет қаралды
Сирия оппозициясы Астана келіссөзіне қатыспайтынын мәлімдеді Әлемде

Сирия оппозициясы Астана келіссөзіне қатыспайтынын мәлімдеді

Сирияның оппозициялық топтары бүгін - 14 наурызда Астанада басталуы тиіс Сирия бейбіт келіссөзінің кезекті жиынына қатыспайтынын мәлімдеді. Оппозиция Ресей мен Сирияның өткен жылы желтоқсанның соңында жасалған қақтығысты тоқтату туралы келісімді орындағысы келмейді деп айыптайды 14 наурыз 2017, 11:17 2 348 рет қаралды
ЮНИСЕФ: Сирияда қаза болған балалар саны артты Әлемде

ЮНИСЕФ: Сирияда қаза болған балалар саны артты

2016 жыл Сириядағы соғыс зардабын тартқан балалар үшін ең қиын жыл болды деп мәлімдеді БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ). 2016 жылы соғыстан сириялық 652 бала құрбан болып, миллиондаған бала босқынға айналған. "Сирия аумағында өткен жылы зорлық-зомбылықтың күрт артуына байланысты қаза тапқаны мен жараланғаны расталған және содырлар қатарына тартылған балалар саны көбейді" делінген ЮНИСЕФ таратқан баяндамада. 13 наурыз 2017, 11:12 3 297 рет қаралды
Абхазия: Парламент сайлауына сайлаушылардың 50 пайыздан көбі қатысты Әлемде

Абхазия: Парламент сайлауына сайлаушылардың 50 пайыздан көбі қатысты

Грузияның жікшіл Абхазия аймағының билігі 12 наурызда өткен жергілікті заң шығарушы орган сайлауында сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берді деп хабарлады. Абхазия сайлау комиссиясының басшылығы 12 наурызда сайлаушылар белсенділігі 2012 жылғы сайлаудан 5 пайызға жоғары болғанын айтады. Аймақта сайлаушылардың 25 пайызы дауыс берсе сайлау өтті деп есептеледі. Дауыс берудің алдын ала қорытындылары 13 наурызда жарияланбақ. 13 наурыз 2017, 10:09 2 343 рет қаралды
Стамбулда акцияға қатысушы Нидерланд елшілігінің туын ауыстырды Әлемде

Стамбулда акцияға қатысушы Нидерланд елшілігінің туын ауыстырды

Стамбулдағы Нидерланд елшілігінің территориясына кеше наразылық акциясына қатысушы адам еніп, Нидерланд туын Түркияның туына ауыстырып қойды. 11 наурызда Нидерланд мен Түркия арасындағы шиеленістен елшілік "қауіпсіздік шараларына" байланысты уақытша жабылған. Елшілік пен нидерландылық дипломаттардың үйлерінің алдына полиция бекеттері қойылды. Осы шараларға қарамастан, наразы адам дипломатиялық өкілдіктің шатырына шығып алды. Ол туды ауыстырып, "Аллаху акбар" деп айқайлап, одан соң жасырынып қалды. Бірнеше минуттан соң Нидерланд туы орнына қайта орнатылды. 13 наурыз 2017, 10:00 1 924 рет қаралды
Биылғы «Евровидениеде» Ресейдің намысын мүгедекарбадағы әнші қорғайды  Әлемде

Биылғы «Евровидениеде» Ресейдің намысын мүгедекарбадағы әнші қорғайды

Биыл Киевте өтеді деп жоспарланған «Евровидение-2017» халықаралық музыкалық байқауында Ресей атынан мүмкіндігі шектеулі әнші Юлия Самойлова өнер көрсетеді. Ол Flame Is Burning әнін орындайды, деп хабарлайды Baq.kz. 13 наурыз 2017, 09:41 2 167 рет қаралды
Песков: Ресейдің Трамп әкімшілігінен көңілі қалды Әлемде

Песков: Ресейдің Трамп әкімшілігінен көңілі қалды

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, Мәскеу АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігінен және қарым-қатынасты жақсартуда ілгерілеушіліктің жоқтығынан көңілі қалды. Песков CNN-геғ берген сұхбатында Трамп өткен жылы сайлауалды кампаниясында Ресеймен ынтымақтастықты дұрыстағысы келетінін мәлімдегенін айтты. "Өкінішке орай, бұл диалогтың қашан басталатынын білмейміз" деді Кремльдің баспасөз хатшысы. 13 наурыз 2017, 09:30 2 524 рет қаралды
Ыстанбұлда апатқа ұшыраған тікұшақтың бортында төрт ресейлік болған   Әлемде

Ыстанбұлда апатқа ұшыраған тікұшақтың бортында төрт ресейлік болған

Ыстанбұлда апатқа ұшыраған тікұшақтың бортында төрт ресейлік болған. Бұл туралы ТАСС тілшісі тікұшақ жолаушылары қонақтары болған "Эджзаджибаши груп" компаниясы баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.  10 наурыз 2017, 17:03 2 954 рет қаралды
Трамптың жаңа жарлығына қарсы шараға жаңа штаттар қосылды Әлемде

Трамптың жаңа жарлығына қарсы шараға жаңа штаттар қосылды

АҚШ-та президент Дональд Трамптың босқындардың және мұсылмандар басым тұратын алты ел азаматтарының елге кіруін шектеу туралы жаңа жарлығына қарсы күреске жаңадан штаттар қосыла бастады. 8 наурызда Трамптың жарлығына қарсы Гавайи штаты шағым берген еді. 9 наурызда Вашингтон штаты федералдық судья Джеймс Робартске жаңа жарлықтың да күшін тоқтатуды сұрап қайырылғанын мәлімеді. Судья Робертс Трамптың 27 қаңтарда шығарған миграцияны шектейтін алғашқы жарлығының да күшін тоқтату туралы шешім шығарған. 10 наурыз 2017, 10:45 1 941 рет қаралды
БҰҰ КХДР-дың баллистикалық зымыранды ұшыруын айыптады  Әлемде

БҰҰ КХДР-дың баллистикалық зымыранды ұшыруын айыптады

ҚР делегациясы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде Корей Халық Демократиялық Республикасының (КХДР) 2017 жылғы 6 наурызда төрт баллистикалық зымыран ұшыруына байланысты өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше отырысына қатысты, деп хабарлайды Baq.kz. 10 наурыз 2017, 10:28 2 812 рет қаралды
Оңтүстік Корея президенті қызметінен түпкілікті шеттетілді Әлемде

Оңтүстік Корея президенті қызметінен түпкілікті шеттетілді

Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты 10 наурызда ресми түрде Пак Кын Хенің президенттік өкілеттілігін тоқтату туралы шешім шығарды. Пак Кын Хеге бұған дейін парламент оның қызметіндегі коррупциялық жанжалға қатысты импичмент жариялаған. Пак Кын Хе осылайша Оңтүстік Кореяның қызметінен кетірілген демократиялық жолмен сайланған алғашқы президенті атанды. 10 наурыз 2017, 10:22 3 055 рет қаралды