Атырау, 28 қараша 05:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ресей тәуелсіз Палестинаның құрылуына көмектеспек

1 942 просмотра


Мәскеуде Ресей-Палестина істері арнаулы группасының отырысы болып өтті. Отырыс «Палестина тәуелсіз елін құрудың жолдары мен кедергілері» және «Палестинадағы топтардың бірлігін қалыптастыру» қатарлы тақырыптарды көтерді. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігі хабарлайды. 

Кезекті талқы отырысына Ресей СІМ орынбасар басшысы және президенттің Таяу-Шығыс істері бойынша арнаулы өкілі Михаил Богданов және аталған министрліктің аймақтағы ең жоғары өкілі Сергей Вершинин қатысты. Ал олармен Палестина автономиясының саяси істер кеңесшісі Набил Шаас пікір алмасты. 

Палестинаның біртіндеп жаулануы. Фото: Ippo.ru
Аталған лауазымдылар Палестинада тәуелсіз мемлекет құру және ондағы түрлі топтардың бірлігін қалыптастыру істер туралы талқы өткізді. Михаил Богданов талқы үстінде «ХАМАС» ұйымының басшысымен телефон арқылы тілдесті. 

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

22 мамыр 2017, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.