Әлемдік державалармен Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне Иранға салынған халықаралық санкцияларды жою туралы келісім жасасқан Роухани Батыс елдерімен одан ары ынтымақтасып, азаматтарға кеңірек бостандық беруге уәде етіп отыр. 68 жастағы Роухани қарсыластарымен таяуда өткізген сайлауалды дебатында "19 мамырда азаматтарымыз бейбітшілік жолымен ары қарай жүре береміз бе, я саяси егес жолын таңдаймыз ба дегенге дауыс береді" деп мәлімдеді.
56 жастағы Эбрахим Раиси Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеидің сенімді өкілі саналады. Аятолла Әли Хаменеи - елдегі үлкен саяси, әскери және діни билігі бар ең ықпалды адамдардың бірі.
Дереккөз: Азаттық