Белгілі теолог, философ Ф. Гүленнің АҚШ-та және әлемде беделді газеттердің бірі «The Washington Post»-та «Түркияны тани алмай далмын» атты мақаласы шыққан. Мақалада Гүлен Түркияның қайтадан демократиялық жолға түсуі және радикализм, тоталитаризм жолынан бас тарту, дінді саясиландыру мәселелері айтылады.
Мақаласында бар күшті уысында ұстап әрі қарсыластарын тұқырту үшін қолынан келгеннің бәрін істеуден аянбаған президенттің басқаруына қалған Түркияның адам танымайтындай жағдайға келгенін жазады.
«Ердоғанның өз халқына тізе батыруы тек мемлекеттің ішкі мәселесінің ауқымынан шығып кетті. Азаматтық қоғам, журналист, ғалымдар мен күрд азаматтарына бағытталған озбырлық еліміздің ұзақ мерзімді тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайға жетті. Қоғамда қазіргі уақытта Әділет және даму партиясы режимі төңірегінде терең поляризация орын алуда. Түркияның зорлықшыл радикалдарға құшақ жайып, ал күрд азаматтарын үмітсіздікке итермелейтін диктаторлық режимге келуі Орта Шығыс қауіпсіздігі үшін елеске айналмақ», дейді.
Сонымен қатар Гүлен Халықаралық амнистиялық ұйым мәліметтеріне сүйене, әлемде түрмеге түскен барлық журналистердің үштен бірінің Түркия түрмелерінде екенін айтады.
Дереккөз: Вaq.kz