Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан араб және мұсылман елдерінің саммитінде Ирак пен Сириядағы террористермен күресті қолдаудың әскери контингенті құрылды, деп хабарлайды BAQ.kz.
Бұл туралы саммит қорытындысында қабылданған құжатта жазылды. Саммитке АҚШ президенті Дональд Трамп та қатысты.
Эр-Риядтағы саммитке қатысқан 50-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары, оның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп Ирак пен Сириядағы террористерге қарсы операцияларды қолдау контингентін құруды қолдады. Контингент 34 мың адамнан құралады деп жоспарланған.
Саммитте қабылданған "Эр-Рияд декларациясында" сонымен қатар Экстремистік идеологиямен күрестің дүниежүзілік орталығы құрылғаны да айтылады. Орталықтың штаб-пәтері Эр-Риядта орналаспақ.
Дереккөз: BAQ.kz