Атырау, 25 қаңтар 04:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Қытай әскери әуе күштері АҚШ ұшағын ұстады

3 645 рет қаралды


Қытай әскери әуе күштері АҚШ ұшағын ұстады деп хабарлайды ВВС ақпараттар қызметі. 

АҚШ әскерилерінің айтуынша, Қытайдың екі бірдей Су-30 бомбылаушы ұшағы халықаралық әуе аумағында атмосферадағы радиоактивті қалдықтар мөлшерін зерттеп жүрген WC-135 Constant Phoenix ұшағын ұстаған.Осыған байланысты Пентагон өзінің қарсылығын білдіріп ресми Беижиңге хат жолдаған. 

Қытай өзінің теңіз аумағындағы АҚШ-тың кез келген әрекетіне асқан сақтықпен қарайды. Қытай әскери әуе күштері 2016 жылдың мамыр айында да, Оңтүстік Қытай теңізіндегі халықаралық әуе аумағында ұшып бара жатқан АҚШ ұшағын ұстаған болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com 

19 мамыр 2017, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.