Түркия НАТО-ның Австриямен жақын қарым-қатынас орнатуына вето жариялады деп хабарлайды ВВС ақпараттар қызметі.
Бірақ Түркияның жариялаған бұл ветосына қарамастан, НАТО алдағы уақытта да Австриямен тығыз байланыста болатынын мәлімдеген. Шет елдік сарапшылардың айтуынша, Түркияның бұл әрекеті Автрияға қарсы жасалған саяси қадам болуы мүмкін. Өйткені бұдан біраз уақыт бұрын Австрия, Түркияның Еуроодаққа кіруіне өзінің қарсы екендігін білдірген болатын.
Дереккөз: qazaqtimes.com