Атырау, 19 мамыр 10:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ұлыбританияда террористік қауіп-қатердің жоғары деңгейі жарияланды

1 795 просмотра


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй елде террористік қауіп-қатер деңгейінің тым жоғары екенін мәлімдеді. 22 мамыр күні кешке жанкешті Манчестердегі концерт ғимаратында жарылыс жасап, 22 адам қаза тапқан. 23 мамыр күні кешке Мэй терактіге күдікті Салман Абедидің ауқымды террористік желінің мүшесі болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, Абеди Ұлыбританияда туып-өскен.

Билік Temperer арнайы операцияcsy - төтенше жағдайларға жедел жауап қату жоспарын іске асыра бастады. Ол жоспар бойынша, халық көп жиналатын орындарда полицияға көмекке сарбаздар да жұмылдылады. Бұған дейін Манчестер пролициясы концерт кезіндегі терактіні тергеуге байланысты 23 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлаған. Теракт жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған. АҚШ билігі әзірге бұл ақпаратты растай алмай отырғанын айтады.

Дереккөз: Азаттық

24 мамыр 2017, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.