Атырау, 28 қараша 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Facebook-те «ұнату» белгісін басқан адам жауапқа тартылды

2 945 просмотра


Ер адамға дәлелсіз пікір айтқаны үшін соттың шешімімен айыппұл салынды, деп хабарлайды Baq.kz.

Ойланбай әрекет етудің соңы опық жегізді. Швейцарияда ер адам әлеуметтік желідегі жазбалары үшін жауапқа тартылды. Сот оны жала жапқаны үшін айыпты деп танып, төрт мың доллар көлемінде айыппұл салған.

«Цюрих аудандық соты 45 жастағы жергілікті тұрғынды Фейсбукте «ұнайды» тетігін басып, намысқа тиетін пікір қалдырғаны үшін айыпты деп таныды», деп жазады France Presse.

Айыпталған адам 2015 жылы әлеуметтік желіде қоғамдық белсенді Эрвин Кесслерді нәсілшілдік, фашизм бойынша айыптаған көрінеді. Осыдан кейін Эрвин пікір білдірушілерді сотқа беріп, өзінің құқығын қорғап қалған.

Еске сала кетейік, былтыр Астана тұрғыны Facebook-тегі жазбасы үшін 200 мың теңге төлеуге міндеттелген болатын.

Дереккөз: Baq.kz
 

31 мамыр 2017, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.